Ақмола облысының тұрғындары арасында сібір жарасы көбейді

06.09.2023, 19:05
701
Ақмола облысының тұрғындары арасында сібір жарасы көбейді aqmeshit-aptalygy.kz

Ақмола облысында халық арасында сібір жарасымен ауырғандар көбеюі мүмкін. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Ақмола облысында халық арасында сібір жарасына күдікпен 15 жағдай тіркелген: Жарқайың (13 адам) және Есіл (2 адам) аудандарында.  Барлық науқастар Ақмола облысы Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылында орналасқан «Үшқарасу» ЖШС қызметкерлері.

Адамдардың сырқаттануы ауру жануарларға жанасумен, етін бөлшектеумен, оларды союға қатысумен, жоятын орынға тасымалдаумен байланысты.

2023 жылғы 4 қыркүйектегі жағдай бойынша барлық науқастар «сібір жарасы» диагнозымен Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласының ОАА инфекциялық бөлімшесіне жатқызылды. Оның 15-сінде сібір жарасы диагнозы расталған (10 зертханалық расталған, 5 клиникалық).

- Науқастар жағдайының ауырлығы – орташа дәрежелі, тиісті ем қабылдауда. 35 байланысқан адам анықталды, олар медициналық бақылауда. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша 21 ет сынамасының 16-сында сібір жарасының ДНҚ-сы анықталды. Барлық тексерілген ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді, - дейді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері.

Облыс әкімі орынбасарының басшылығымен штаб құрылған. Штабтың шешімімен 31 тамыздан бастап Үшқарасу ауылының аумағында карантин жарияланған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды