Қызметкерлерді мотивациялау

08.12.2023, 11:00
637
Қызметкерлерді мотивациялау ашық дереккөзден

Кез келген ұжымда басқару процесі жүзеге асады.

Басқарусыз тәртіп те, өнімді жұмыс та болмайды әрі ұжымдық алға қойылған мақсаттарға жету де мүмкін емес. Басқару, көшбасшы болу, қандай да бір көшбасшылық қасиеттерді меңгеру – адамға болашақ кәсібінде, мансаптық жолында таптырмас қажеттілік. Осыған сай қазіргі таңда жоғары оқу орындарында магистранттарға арнап «Басқару психологиясы» пәні оқытылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің базасында оқытылатын «Басқару психологиясы» пәнінен психология ғылымдарының кандидаты, профессор Жубаназарова Назираш Сүлейменқызы сабақ береді. Бұл пәнді оқытуда басқару іс-әрекетінің теориялық негіздерін игеру, тұлғалық ерекшеліктерді анықтау, қызметкерлерді мотивациялау, ұжымдағы конфликтілердің алдын алу, ұжымдық мақсаттарды жүзеге асыру барысында қызметкерлерге қолданылатын тактикалар, эмоциялық күйлерді анықтау секілді мәселелер көзделген. Дәріс барысында профессор Жубаназарова Назираш Сүлейменқызы аталмыш мәселелерді шешу жолдарын, өзектілігін кеңінен қамтып, шетелдік зерттеуші-психологтардың еңбектерінен мысал келтіре отырып, жан-жақта ақпарат беруге тырысады. Ал семинар тапсырмасын орындау кезінде Кабаченко В.С. «Психология управления», Столяренко А.Д. «Психология делового общения и управления», сондай-ақ қазақ тіліндегі зерттеулер бойынша Бердібаева С.Қ. «Тұлға психологиясы», Жубаназарова Н.С «Тұлғаның психологиялық диагностикасы», Ахтаева Н.С., Абдижаппарова А.И., Бекбаева З.Н. «Басқару психологиясы» секілді бірқатар еңбектерді пайдаланамыз. Жоғарыда аталған тақырыптардың ішінде қызметкерлерді мотивациялауға қатысты айтар болсақ, ұжымдағы басқарудың негізгі бір тетігі басқарушының қызметкерлерді ынталандырып, мотивациялауы дер едік. Өйткені мотивация беру ұжымдық алға қойған мақсаттарға жету үшін ең өнімді тәсілдердің бірі болып табылады. Өйткені қызметтегі әрбір іс-әрекет мотивтерге негізделеді. Мотивациялау қызметкерлерге істеп жатқан қызметінің мағыналылығын түсінуге көмектеседі. Сондай-ақ әр қызметкердің ішкі жеке мотивациясын ұжымдық жалпы мотивацияға айналдыра отырып, негізгі мүддеге жетуге болады. Жұмысты жақсы атқарғаны үшін, қызметтегі ерекше белсенділігі үшін тағайындалатын сыйақылар, түрлі демалыстар, жалақыға қосылатын үстемақылар адамдарға мотивация беріп, әрі қарай өзін дамыта отырып, тағы да белсенді жұмыс жасау үшін ынтасын ашады. Осы мотивациялауға қатысты басқару психологиясында А. Маслоу, Ф. Герцберг, К. Алдерфер сынды шет елдік ғалымдардың теориялары негізге алынады. Бұл зерттеушілердің қалыптастырған жүйесі қазіргі күнге дейін жұмыс жасауда қолданылып келе жатқан әдіс болып табылады. Сондай-ақ келешекте біз де белгілі бір ұжымға басшылық жасасақ аталмыш әдістерді жүзеге асырып, өз тәжірибемізде пайдаланып көруіміз керек деп ойлаймын.

Қызметкерлерді мотивациялауға қатысты ойымызды қорытындыласақ, мотивацияның адам өмірінде алар орны ерекше. Кез келген тұлғаға маман боп қалыптасуында өзіндік ішкі жігерлендіруден бөлек қызметтік мансабындағы мотивациясының болуы өте маңызды дер едім. Осыған қатысты сабақ барысында қызметкерлерге мотивация беру мәселесін ауызша талдап, дискурсқа түсу арқылы әр түрлі көзқарастарды білдік және мотивацияға қатысты дұрыс пікір қалыптастыра алдық деп ойымды тұжырымдаймын.

Жубаназарова Н.С.
Психология ғылымдарының кандидаты, профессор
Жолдасқалиқызы Әсел,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Қазақ филологиясы мамандығының
1-курс магистранты

«Продюсерім – қылмыстық топтың басшысы болды»: есірткімен ұсталған Q-Pop тобының бұрынғы әншісі алғаш рет сұхбат берді «Ұлымның әкесіне таңғаламын»: Дана Нұржігіт марқұм күйеуі Владимир Рерих туралы «Басың істей ме?»: Баян Мақсатқызы қызына ұрысып тастады (ВИДЕО) «Күйеуімді жиенімнің құрбысын үйлендіріп жібердім»: Майра Ілиясова неге күйеуіне басқа әйел алып бергенін ашып айтты «Парламентте көтергім келеді»: Нағима Есқалиева әйелдер күйеуін бөлісу керегін айтты (ВИДЕО) Қалдық көп, шешім бар ма? Жастар экология жайын талқылады Алаяқтарға алданып қалған Нұрғали Нүсіпжановқа кәсіпкер жаңа баспана сыйлады (ВИДЕО) Ауғанстан енді шахмат ойнауға тыйым салды «Қыздың әке-шешесі – әкімнің достары»: Ауылдың бұрынғы әкімі қыз зорлады деген күдікке ілінді Астанада ер адам терезеге асылып қалған (ВИДЕО) Ақтауда он шақты жігіт жол үстінде жаппай төбелескен (ВИДЕО) Жетісуда арқанмен өзеннен өтпек болған ер адам суға құлап, із-түссіз жоғалды (ВИДЕО) Неміс депутаты: «Путиннің ұсынысы – алдаусырату» Атышулы немересі өлтіріп кеткен экс-әкім мен әйелінің ісі: марқұмдардың жәбірленуші қызы мұраға таласып жатыр «Сатқындық жасағанымды мойындадым»: Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйеліне шарт қойған (ФОТО) «Ту сыртынан шабуылдаған»: 10 жасар бала күдікті ұрлап бара жатқан қызды құтқарып қалды Енді жасанды интеллект қатерлі ісік кезіндегі өмір сүру ұзақтығын селфи болжай алады «Багажға салып, ұрады»: Ақтауда тұрғындар иттерді құтқаруды талап етіп жатыр (ВИДЕО) Жаңа Рим папасы Арыстан XIV Украина мен Газадағы соғысты тоқтатуға шақырды Үш дүркін «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев 40 жас мерейтойын өткізді (ВИДЕО)