Бизнеске қойылатын 128 мың талап бар екен, оның 10 мыңы керексіз

22.12.2023, 15:54
865
Бизнеске қойылатын 128 мың талап бар екен, оның 10 мыңы керексіз smartnews.kz

Елімізде бизнесті тексеруге енгізілген мораторийдің мерзімі аяқталатын болды. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап мораторийдің мерзімі бітеді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Негізінен, мораторий 2023 жылдың 1 қаңтарында бітуі тиіс болған. Президенттің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығымен мораторий 2020 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың 1 қаңтары аралығындағы мерзімді ғана қамтуы керек еді. Кейін Президент Жарлығымен бұл мерзім ұзартылып, 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін жалғасатын болған.

Мораторий кезеңінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеру, бақылау және қадағалау тоқтатылған. Мораторий кезеңінде тексеру ерекше жағдайларда ғана жүзеге асырылады деп көрсетілген. Мысалы, халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылыққа және қоғамдық тәртіпке қатер төндіруі мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алумен байланысты жағдайда немесе конституциялық құрылысқа және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін ахуал туындаса тексеру жүргізілетіні айтылған. Сонымен қатар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы мақсатында өнімнің қауіпсіздігіне сараптама жүргізу үшін тексеру мүмкін болды.

Президенттің бизнес өкілдерімен кездесуінен кейін, 20 желтоқсанда өткен баспасөз мәслихатында журналистер тарапынан Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа «Қазақстандағы бизнесті тексеруге енгізілген мораторий мерзімі тағы да ұзартылуы мүмкін бе?» деген сауал қойылды.  Бұл сұраққа:

«Ұсақ және шағын бизнес үшін мораторий өткен жылы ұзартылды. Негізі, оның мерзімі өткен жылдың соңында аяқталған. Өткен жылы Президент оны бір жылға ұзартқанын мәлімдеді. Биыл ол аяқталады», – деп жауап берді Ұлттық экономика министрі. 

Демек, мораторий мерзімі ұзартылмайды деген сөз. Мораторий болған үш жылда жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 130 898-ге жетті.

Министрдің айтуынша, Үкімет бизнес өкілдерімен және сарапшылармен бірлесіп жыл бойы нормативтік-құқықтық актілер мен бизнеске қойылатын талаптарды талдаған. Барлығы 2,5 мың нормативтік-құқықтық актіден тұратын 128 мың талап бар екен. Сол талаптардың ішінде тиімсіздері де аз емес. Ондай тиімсіз талаптарды жою керек.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

«Тиімсіз, өзектілігін жойған 10,1 мың талап анықталды. Оның 9 мыңы заңға қосалқы актілер деңгейінде алынып тасталды. Қазір Мәжілісте тағы бір мыңдайы бар Мәжілісте. Парламентте талқылау жүргізілгеннен кейін, 1 қаңтардан бастап бұл талаптар да жойылады. 2024 жылы 1 қаңтардан бастап барлық салаларда тәуекелдерді басқару жүйесі енгізіледі. Бұл не деген сөз? Тексерулер адамның қатысуынсыз тағайындалады. Яғни, автоматты түрде, бір жерлерде жасанды интеллект элементтері болады. Тәуекел түрлері бойынша тексерулер тағайындалады. Яғни, тексерулер аз болады. Тексерулер санын екі есе азайту жоспарлануда. Тиісінше, айыппұлдар санын азайту да жоспарлануда».

Министрдің сөзіне сенсек, мораторий аяқталды екен деп кәсіпкерлерді жаппай тексеру деген болмайды. Керісінше, кәсіпкерлік нысанына барып тексеру жүргізу деген тыйылады. Тексерудің жаңа жүйесі енгізілгеннен кейін бизнесті жүргізу әлдеқайда тиімдірек болады деп күтілуде. Демек, мораторий тоқтады дегенімізбен, кәсіпкерлерді тексерудің жаңа тәртібі енгізіледі. Ендігі жерде бұрынғыша барып тексеру тәжірибесі мүмкіндігінше қысқартылады. Заң бұзушылықтар болып жатса, оларды арнайы бағдарламалар немесе жасанды интеллекті айқындап отырады. Министр айтқандай, тексеру екі есе азаяды, айыппұл салу айтарлықтай  кемиді.

Тағы бір жаңалық – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге көтеріледі. Бұл бастаманы Президент биылғы жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты халыққа Жолдауында көтерген болатын. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, соның ішінде 350 мың бюджет саласы қызметкерінің табысына әсер ететін көрінеді. Жақында Президент 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақы мен зейнетақы мөлшерін арттыруға байланысты заңға қол қойды. Ендігі жерде ең төменгі жалақы 85 мың теңге,  ең төменгі зейнетақы 57 853 теңге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі көлемі 28 215 теңге, айлық есептік көрсеткіш 3 692 теңге, базалық әлеуметтік төлемді есептеу үшін төменгі күнкөріс көлемі 43 407 теңге болып белгіленді.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)