Ауыспалы нөмірлерден жасалған 43 миллионнан астам қоңырау бұғатталды

28.12.2023, 16:57
466
Ауыспалы нөмірлерден жасалған 43 миллионнан астам қоңырау бұғатталды canva.com

Бүгінде ішкі істер органдарының алдында тұрған ең басты міндеттердің бірі – киберқылмысқа қарсы күрес. Қазақстанда соңғы жеті жылда интернет-алаяқтық саны 10 есеге, яғни 2 мыңнан 20 мың қылмысқа дейін өскен. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Биылдың өзінде интернет-алаяқтар азаматтарға 17,5 млрд теңгеден астам шығын келтірді.

Ең жиі кездесетін алдау түрі – интернет арқылы “жоқ” тауарларды сату немесе қызмет көрсету кезінде алдын ала төлем алу (7 мың факт). Екінші орында – банк қызметкерлерінің атынан жасалатын қоңыраулар (2,5  мың факт). Үшінші орында – онлайн-қарыздарды ресімдеу (2 мың факт).

– Киберқылмыстың өсуі және оның жаңа түрлерінің пайда болуы тек Қазақстан мен ТМД елдерінде ғана емес, бүкіл әлемде байқалады. Мұндай қылмыстар трансшекаралық сипатқа ие. Сондықтан да оларды ашу қиынға соғып жатады. Өздеріңіз білетіндей, интернетте шекара жоқ. Қылмыскерлер түрлі анонимді, шетелдерде орналасқан сервистерді пайдаланады, – деп атап өтті ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай.

Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстардың алдын алу және оларды ашумен ІІМ Криминалдық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес орталығы айналысады.

– Биыл жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 3 мыңнан астам интернет-алаяқтық жасаған 828 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қыркүйек айында Өскеменде 50-ден астам интернет-алаяқтық фактісіне қатысы бар үш күдікті ұсталды. Олардан ұялы телефондар, ноутбуктер тәркіленді. Жалпы келтірілген шығын 80 млн теңгені құрады, – деді спикер.

Желтоқсан айында елордада полицейлер төрт алаяқтық сall-орталықты анықтады. Тінту іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары 170-тен астам ноутбук пен желілік жабдықты тәркіледі.

Мүдделі мемлекеттік органдармен және байланыс операторларымен бірлесіп, ауыспалы нөмірлерден түсетін қоңырауларды бұғаттау бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Биыл   43 миллионнан астам қоңырау бұғатталды.

Сонымен қатар 15 қарашадан бастап Қазақстан тұрғындарының стационарлық телефондарына келіп түсетін халықаралық қоңырауларды анықтау және бұғаттау жүйесі іске қосылды. Жүйе іске қосылған сәттен бері 278 мыңнан астам қоңырау бұғатталды.

Сондай-ақ қарыз алу рәсімдері sms арқылы растау және биометрия жүйесімен күшейтілді.

«Бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ»: Роза Әлқожа ауыр дертпен күресіп жүргенін айтты Сәкен Майғазиев келін түсірді: әншінің ұлы Әділет сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады «Әрең алған атағым «ұшып» кетті»: Мадина Сәдуақасова әскери шені туралы ашық айтты Қой да көмектеспеді: «Атырау» клубы құрбандық шалса да, ойында жеңіліп қалды Тұрымтай тағамға айналды: Мейрамханалар торғай етін менюге кіргізді Адвокат: «Шерзаттың сотында шыққан үкім халыққа ұнамауы мүмкін» «Жатақханамен бірге 3 млн теңге»: Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу құны арзандады «5 айлық зағип қыздың ақшасын «жеген»: Ілияс Сариевтың тағы бір «ұрлығы» әшкере болды 3 күн бітімге келейік деген Путин өз уәдесінде тұрмады Тоқаев енді Ресейдегі парадқа қатысады «Мен сүрінсем, құламауымды тіледің»: әнші Тоқтар Серіков әйелінің туған күніне ерекше сыйлық жасады (ФОТО) Каспийлік итбалық жолаушыны алдап соқты (ВИДЕО) Әкімдік Жеңіс парадына өткізбеген еңбек ардагерінен кешірім сұрады «Шапағат» сауда үйінде 10-ға жуық бутик өртенген Теміржол бойынан табылған мәйіт: Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Air Astana Үндістанға баратын әуе рейстерін тоқтатты «Сенат заңды мақұлдады»: Қазақстан жерін АҚШ-қа 49 жылға жалға береді Алматы тауларында жүрген студент қыз қайтыс болды Украинада доллардан еуроға көшу идеясы қарастырылып жатыр Бүгінгі күннің ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды