Аудармашы жұмысының еленбей қалған қиындықтары қандай?

16.02.2024, 10:33
1091
Аудармашы жұмысының еленбей қалған қиындықтары қандай? жеке Instagram парақшасынан

Қазіргі қоғамда көбінесе аудармашылардың құның түсіріп тастауға адамдар әзер тұрады. Бірақта, оңай болып көрінген мамандықтың артындағы тың еңбек пен үздіксіз ізденістің жатқаның естен шығармауымыз керек.

Аударма ісінде талай жыл бойын еңбектеніп келген, Владислав Сайко мырза әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, оқырмандарға аудармашы мамандығының басқа қырын ашып берді.

- Google аудармашысы мен басқа да автоматтандырылған аударма жүйелерінің негізгі проблемасы қандай? 

- Өте қызықты сұрақ, Google аударма жүйесі өте танымал және ол сөздер мен сөйлемдерді контекстен тыс аударады. Кейде онлайн аударма жүйелері сөздердің жиынтығы болып келеді. Сәйкесінше, бір термин заңды коннотацияларда бір жолмен, ал экономикалық тұрғыдан мүлдем басқа жолмен айтылуы мүмкін, аударма жүйелері оны ажырата алмайды. Сондықтан да, көбінесе аударма номиналды, бірақ контекстсіз болып табылады.   

- Сіздің ойыңызша, синхронды аудармашы мен жазбаша мәтін аудармашысының басты айырмашылығы неде?

- Синхронды және жазбаша аударма әртүрлі динамикаларға ие, себебі оларда стресс пен күрделілік деңгейлері жер мен көктей. Мен өзім синхронды аудармамен айналысамын, сәйкесінше жұмыс барысында спикердің сөйлеген әр сөзін, арнайы кабинада отырып, аударманы 2-3 секунд аралығында жүзеге асырамын. Синхронды аудармашыға контекст бойынша аударма жасап, тез реакция беру дағдылары өте маңызды. Жазбаша мәтін аудармашысына келер болсақ, олар өз жұмысын компьютерде отырып, сан түрлі сөздіктер мен материалдарды қарап, баламаларды салыстыру арқылы жүзеге асыра алады, осы тұста жазбаша аударма жұмыстары әлде қайда жеңілірек. 

- Аудару процессінде киындык тудыратын тіл комбинацияларын атай аласыз ба?

- Аударма әрқашанда екі тіл арасында жүреді. Қазіргі кездегі ең қиын комбинациялардың бірі, ол ағылшынша-қазақша және ағылшынша-немісше. Cебебі, қазақ тілінің грамматикасында етістіктер сөйлем соныңда орналасқан. Сәйкесінше, қазақ тілінен ағылшын тіліне аударма кезінде аудармашыға дұрыс мағынаны жеткізу үшін көбірек уақыт қажет. 

- Аударма кезінде дәлдікті қамтамасыз ету үшін не істейсіз?

- Аударма мен дайындық барысы қатар жүреді. Аудармашының табысты болуы оның дайындық деңгейіне байланысты. Егер аудармашы белгілі-бір тақырып бойынша көп жұмыс жасаса және әрқашан практикалық тапсырмаларды орындаcа, онда аударма барынша нақты болады. Сонымен қатар, аудармашының жан-жақты болуы үлкен рөл атқарады. Мысалы, бүгін министрлікте жұмыс жасаған болсан, ертең сен ота барысында аударма жасауың мүмкін.

- Тапсырыс беруші аударма жұмысының нәтижелеріне наразы болған жағдайда, сіз қалай әрекет етесіз? 

- Егер жазбаша аударма барысында қателіктер кетсе, оны әрқашанда түзетуге болады. Әрине, маманның қателіктер жіберуі дұрыс емес, бірақ бәріне түсіністікпен қарау қажет. Енді, ауызша аудармаға келер болсақ, жұмыс барысынан кейін тапсырыс беруші келіп грамматика бойынша немесе дыбыстардың айтылуы бойынша ескертулер жасауы мүмкін. Қаншалықты сын қабылдау қиын болса да, нағыз маман кері байланыс үшін алғысын білдіріп, өз білімін ары-қарай арттыруға тырысады. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды