Жемқорлар шетінен ұсталып жатса да қылмыс азаяр емес

04.03.2024, 19:14
386
Жемқорлар шетінен ұсталып жатса да қылмыс азаяр емес canva.com

Жылдың басталғаны кеше ғана. Осы екі айдың ішінде шенеуніктердің жемқорлыққа бой алдырып күдікке ілігу оқиғалары бір төбе болып жиналып қалды.

Бұл жақсы емес. Осы қарқынмен жыл аяғына дейін кемі жүз шенеуніктің қолына кісен салынса керек.

Жыл басында ірілі-ұсақты бірталай шенеунік істі болып жатыр. Соның ең соңғысы деп алсақ, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының Павел Булаев деген депутаты ұсталды. Депутатты Сыбайлас же қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері құрықтаған.

Ұсталған шенеунік Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Тазалау, су өткізгіш және дренаждық құрылыстар» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны директорының орынбасары екен. Агенттіктің хабарламасында:

«Ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Булаев уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген. 

Ал Шымкентте бір шенеунікті тура қала әкімінің көз алдында, жиналыстың үстінде ұстап әкеткен. Қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарып келген лауазым иесіне қазынаның 120 миллион теңгесін жымқырды деген айып тағылып отыр. Ол 216 көпқабатты тұрғын үйдің сейсмикалық жағдайын техникалық сынақтан өткізуге бағытталған қаржыны өзімен мүдделес компанияға бір көзден берген көрінеді. Ұсталған адамға қатысты бұдан басқа тағы бір іс тергеліп жатыр екен. Онысы да қаржыға байланысты деп жатыр.

Қаржылық мониторинг агенттігі «Қазарнаулыэкспорт» деген республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директорын ұстапты. Ресми хабарламада: «2024 жылғы 23-ақпанда броньдалған әскери техниканы жеткізу бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікпен «Қазарнаулыэкспорт» кәсіпорны бас директорының міндетін атқарушы Аршат Аяғанов ұсталды», – делінген. Осының алдында ғана бірер ай бұрын 1 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен «Қазарнаулыэкспорт» кәсіпорнының басшылары ұсталған болатын. Бұл – үкімет құрған кәсіпорын. Ол Қарулы күштерді, басқа да әскер мен әскери құралымдарды қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз етумен айналысады, сондай-ақ әскери мүлік импорты мен экспорты бағытында жұмыс істейді. Мінеки, осындай аса жауапты әрі маңызды кәсіпорын жемқорлыққа күдіктен көз ашпай отыр.

Ақмола облысының Целиноград ауданында бір шенеунік жергілікті кәсіпкермен сөз байласып қаржы талан-таражын жасаған көрінеді. Шенеунік пен кәсіпкер Қоянды ауылының көшелерін күрделі жөндеуден өткізуге және оны қайта салуға бөлінген 1,2 миллиард теңгені жымқырғанын аудандық прокуратура келтірген. Іс қозғалған кезде күдікті шенеунік  Біріккен Араб Әмірліктерінде демалып жатқан екен.  Келген бойда ол қамауға алынды.

Осы сияқты істер өте көп. Екі айдың ішінде жемқорлықпен күдікке ілігіп, тағдыры қыл үстінде тұрғандардың қатарында Алматы қаласындағы аудан әкімінің орынбасары, Алматыдағы ірі көлемде пара алды деген коммуналдық кәсіпорындардың бірінің басшысы, Шымкенттегі пара алды деген қалалық еңбек ұтқырлығы орталығының басшысы,  Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғаты резерватының пара алудың қылмыстық схемасын жасаған деген басшысы, Атырау облысының ветеринарлық испекциясының шекарадан жүк өткізушілерден ірі көлемде пара алды деген басшысы, Ұлытау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының ірі көлемде пара алды деген басшысы, «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бюджет қаржысын талан-тараж етті деген бұрынғы директоры, Алматы облысындағы Іле ауданының бюджет қаржысын талан-тараж етті деген білім бөлімінің басшысы, тағы басқа лауазым иелері бар. 
Таяуда істеген заңсыз әрекеттері үшін ұсталғандардың соттары да өтіп жатыр. Атап айтқанда жыл басында Жетісу облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысына, Ақтөбе қаласындағы №55 мектеп-гимназиясының бас бухгалтеріне, Қызылорда облысының Жаңақорған аудандық білім бөлімі саласының қызметкерлеріне, Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясына және онымен бірге Қарасай аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы мен параны беруші адамға да қатысты сот процестері өтті.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады