Шымкентте бір топ еркек құлағы естімейтін қызды тапшанда зорлап, соны видеоға түсірген

Аиса Махамбет Редактор
04.04.2025, 18:51
1025
Шымкентте бір топ еркек құлағы естімейтін қызды тапшанда зорлап, соны видеоға түсірген НеМолчи

Қызды бір емес, бірнеше зорлаған деп жазды НеМолчи қоры.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте 22 жастағы тұрғынды бірнеше рет жасы отыздан асқан ер адамдар топ болып зорлаған. Оның үстіне олар әлі бостандықта жүр. 

22 жастағы бойжеткен НеМолчи қорына жүгінген. 

Жәбірленушінің айтуынша, оқиға өткен жылдың тамыз айында басталған. Қыз жұмыстан шығып, такси ұстаған. Сол кезде жанына бір көлік келіп тоқтаған. 

"Қыздың жағдайы қиын, есту қабілеті нашар, аңғал. Ол көпбалалы қарапайым отбасынан шыққан. Қыз жұмыстан шығып, үйіне жету үшін такси ұстаған. Көлікте одан әлдеқайда үлкен адамдар болған. Бірақ қыз оған мән бермеген. Олар оның қайда тұратынын біліп алған. Кешке үйде үлкендер жоқ кезде біреуі келіп: “маған ұнап қалдың, сыртқа шық, сөйлесейік” деген. Сол күні кешке ер адам қызды тапшанда зорлап, екіншісі оны видеоға түсірген. Бопсалаудың бірінші кезеңі осылай басталған”, – деп жазды НеМолчи қоры. 

Қор мәліметінше, бопсалаудың екінші кезеңі наурыз айында басталған.

“Ер адамдардың бірі келіп, “сыртқа шық! Әйтпесе үйіңді отбасыңмен бірге өртеп жіберемін” деп айтқан. Сол сәтте жәбірленуші сыртқа шыққан. Екі ер адам қызды айдалаға апарып, көліктен резеңке төсеніш шығарып, жерге төсеп, зорлаған. Зорлаушылардың қатарында жасы 30-дан асқан үш ер адам бар. Олар бірін-бірі таниды. Топ болып әрекет еткен. Олар ерекше қажеттілігі бар қызды пайдаланған. Ер адамдар тобы бұл әрекеті үшін жазаланбаған. Дәл қазір бостандықта жүр”, – деп жазады қор. 

Шымкент қалалық полиция департаменті, аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

"Зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жай анықталып, тараптардың уәждері зерделеніп жатыр", – делінген хабарламада. 

Алайда күдіктілердің ұсталғаны иә қамалғаны туралы бірде-бір ақпарат айтылмаған. 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)