Журналист Сәуле Әбілдаханқызының қандастар «елді сатып кетеді» деген жазбасын полиция тексеріп жатыр

Аиса Махамбет Редактор
04.04.2025, 12:14
1422
Журналист Сәуле Әбілдаханқызының қандастар «елді сатып кетеді» деген жазбасын полиция тексеріп жатыр жеке мұрағатынан

Ол мемлекеттік саясатына қытайдан келген қандастарды араластырмауды талап еткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызының Қытайдан келген қазақтар туралы мәлімдемесі желіде қызу талқыланып жатыр. Енді полицейлер қандастар туралы "қауіпті" деген жазбаны тексеруге кірісті. Бұл туралы КТК телеарнасы жеткізді.

Сәуле Әбілдаханқызы Facebook парақшасынанда Қытайдан келген қандастарды мемлекет саясатына араластырмау керек екенін айтты.

"Қытайдан келген қандастарды мемлекет саясатына араластырмау керек. Моральдық қақысы жоқ. Үш-төрт ұрпақ ауысқанда болмаса. Олар "Қытай мектебін" көргендер. Өте қауіпті адамдар. Сатып кетуі оп-оңай. Сондайлардың мыңын жеке білемін", – деді Сәуле Әбілдаханқызы.

Сәуле Әбілдаханқызы Қытайдан оралған азаматтарсыз-ақ Парламенттің жұмысы жүреді деп, қандастардың шамына тиетін сөздер жазған. Журналистің бұл жазбасы оқырмандардың наразылығын туғызды. Әсіресе, көрші елден Отанына оралған қазақтардың ашуына тиген. Көп ұзамай автор постын өшіріп тастаған. Ал Алматы полиция департаменті қызу талқыға түскен жазбаны тексеріп жатыр.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды