«Екі жыл бұрын ажырасып кетті»: Динара Сәтжан жолдасымен некесін қиды

Аиса Махамбет Редактор
04.04.2025, 11:33
2131
«Екі жыл бұрын ажырасып кетті»: Динара Сәтжан жолдасымен некесін қиды жеке мұрағатынан

Кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов пен Динара Сәтжан бас қосып, неке куәліктерін алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал продюсер, тележурналист Динара Сәтжан жолдасымен бірге мешітте некесін қиды. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Тележурналист жеке парақшасында некелесу сәтінің фотосын жариялады. Суреттен ресми неке куәлігі және мұсылманша неке куәлігін көруге болады.

Әріптестері су жаңа қалыңдыққа бақыт тілеп, тілектерін жаудырып жатыр. 

“Махаббатым менің! Жақсы көремін”, – деп жазды журналист. 

Одан бөлек өнер иесі блогер Әсел Ауылбекованың ютуб-каналына берген сұхбатында жолдасы Жұмабек Жанықұловпен қалай танысқанын айтып берді. 

“2023 жылы ресми түрде ажырасқан. Біздің шаңырақ көтеруіміз оның бұрынғы отбасы жағдайына тікелей байланысты болды. Мен одан сұхбат алдым. Көрермен де шет-жағасын біледі. Содан кейін бәрі басталды. Оған дейін мен танитынмын. Оның сондай іскер азамат екенін, Forbes журналының мұқабасына шыққанын білемін. Сұхбат шыққаннан кейін жақын араласа бастадық. Бір көргеннен ғашық болдым деп айтпай-ақ қояйын. Ондай сөзге онша сене де бермеймін. Ол кісі өте көп адамдарға көмектескен. Сол үшін де қатты құрметтеймін”, – деп бастады әңгімесін журналист. 

Одан кейін балалары жолдасын қалай қабылдағанын да жасырмады. 

“Бір күні ұлыма сені бір адаммен таныстырғым келеді дедім. Ол бірден: “Маған уақыт беріңіз” деді. Негізі, адам біреуді жақсы көрсе автоматты түрде сол адамның жақындарын да жақсы көреді. Даниал мен жолдасым кездескенде бірден ортақ тіл табысып кетті. Қызым көрген кезде-ақ “Әке” деді. Ол менің балаларымды мен оның балаларын жақсы көруге міндеттімін”, – деді медиа маманы. 

Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген