«4 машина, 4 пәтер, ғимарат»: Перизат Қайрат миллиардты қайда жұмсағаны туралы тізім жасалды

04.04.2025, 14:17
1760
«4 машина, 4 пәтер, ғимарат»: Перизат Қайрат миллиардты қайда жұмсағаны туралы тізім жасалды әлеуметтік желіден

Енді Перизат қайырымдылықтан жиналған ақшаларды заңдастыруға анасы көмектескен болуы мүмкін деп, оны да тергеп-тексеру басталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева аса ірі көлемдегі алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру бойынша күдікке ілінді.

ҚМА дерегінше, 2021-2024 жылдар аралығында Перизат Қайрат қайырымдылық мақсатында халықтан ақша жинаған. Оның айтуынша, бұл қаражат мұқтаж балаларға, Палестинаға және су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге бағытталуы тиіс болған.

Алайда тергеу нәтижесінде жалпы 3,5 миллиард теңге жымқырылғаны анықталды. Перизат Қайрат «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорының есепшотына түскен қаражатты өз жеке және анасы Ғайни Алашбаеваның есепшоттарына аударған. Бұл ақша кейін зергерлік бұйымдарға, киім-кешекке, жиһаз бен саяхатқа, жөндеу қызметтеріне, автокөлік жалдауға және басқа да жеке қажеттіліктерге жұмсалған, - делінген мәліметте.

2024 жылдың 1 сәуірі мен 15 қарашасы аралығында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге жиналған 2,8 миллиард теңге де мақсатсыз пайдаланылғаны анықталды. Перизат Қайрат 16 серіктес жеке кәсіпкермен жалған келісімдер жасап, металдан жасалған киіз үйлер, қайықтар, етіктер және басқа да заттарды жеткізу туралы құжаттарға қол қойған. Алайда бұл келісімдер іс жүзінде орындалмаған.

Жымқырылған 1 миллиард теңгеден астам қаржы қолма-қол ақшаға айналдырылып, жеке қажеттіліктерге жұмсалған. Оның 72 миллион теңгесі «Солтүстік Қазақстан облысындағы зардап шеккен тұрғындарға тұрмыстық техника сатып алу» деген сылтаумен анасы Ғайни Алашбаеваның есепшотына аударылып, кейін қолма-қол алынған, - деп қосты агенттік.

Жымқырылған қаржының бір бөлігіне:

▪ 6,9 миллион теңгеге «Rolex» сағаты сатып алынған
▪ 23 миллион теңгеге «Rebel Flowers» ЖШС (гүл бизнесі) сатып алынған
▪ 69 миллион теңге табыс тапқан гүл бизнесі

Қылмыстық ақшамен сатып алынған мүліктер:
▪ 4 автокөлік
▪ 4 пәтер
▪ 2 автотұрақ орны
▪ Үй мен жер телімі
▪ Ғимарат

Тәркіленген мүліктер:
▪ 158 миллион теңгенің зергерлік бұйымдары, аяқ киімдері мен сөмкелері
▪ 865 миллион теңгенің қылмыстық жолмен алынған мүлкіне тыйым салынды

Қазіргі таңда Ғайни Алашбаева үйқамаққа алынды. Тергеу жалғасуда.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды