Декретке миллионмен шыққан 113 әйел сотталмақ

04.04.2025, 16:20
3574
Декретке миллионмен шыққан 113 әйел сотталмақ ratujzycie.pl

Декретке миллионмен шыққан аналардың кесірінен бюджетке 158 млн теңге шығын келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада өткен мәслихат депутаттарының жиынында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова декреттік төлемдерге енгізіліп жатқан өзгерістерге қатысты сұрақтарға жауап берді.

Оның айтуынша, жаңа өзгерістер ресми түрде жұмыс істейтін әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған. Министрлік жалған кәсіпкерлік арқылы заңсыз төлем алуға жол бермеу мақсатында шектеулер енгізген.

12 жыл бойы әлеуметтік сақтандыру қорына жарна төлеген әйел небәрі 1,2 млн теңге алса, ешқашан жұмыс істемей, екі ай ішінде жеке кәсіп ашып, 14 млн теңге алғандар болды. Әлеуметтік әділеттілікті сақтау үшін бұйрыққа өзгерістер енгізілді, – деді Светлана Жақыпова.

Жаңа ереже бойынша, төлем мөлшері ең төменгі жалақының жеті еселік шегінен аспайды. Мәселен, есептелген табысы 595 мың теңге болған жағдайда, төлем көлемі 2 млн теңгеден аспайды.

Айлығы 595 мың теңгеден асатын әйелдерге қатысты да Жақыпова пікір білдірді. 

Ондай азаматшалардың тізімі бізде бар. Еңбек немесе ұжымдық шартқа сәйкес, қысқартылған төлемнің айырмасын жұмыс беруші өз есебінен өтей алады, – деп түсіндірді.

Сонымен қатар, вице-министр жалған кәсіп ашып, заңсыз төлем алғандарға қатысты 113 қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Бір іс сотқа жолданып, екі азаматтың мүлкіне шектеу қойылған. Министрлік мұндай әрекеттерге қатаң тосқауыл қойылатынын ескертті.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)