Танымал актер әйеліне лифтіде шабуыл жасағаны үшін түсірілім алаңынан қуылды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
04.04.2025, 09:06
910
Танымал актер әйеліне лифтіде шабуыл жасағаны үшін түсірілім алаңынан қуылды (ВИДЕО) әлеуметтік желіден

Фильмнен актер Шәріп Серік бар көріністерді алып тастамақ. Ал полиция тергеуді бастады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актер Шәріп Серіктің бұрынғы сүйіктісі тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болғанын айтып, актердің лифтте шабуылдаған видеосын жариялады. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Жақында Шәріп Серік Say Mo-дан кейін қосылған жары Әлия Бутеевамен де ажырасып кеткенін айтқан еді. Содан кейін Әлия Бутеева оған актер қол көтергенін мойындап, желіде ағынан ақтарылды. 

“Тіпті ең қорқынышты түсімде ешқашан “сүйікті адамым маған қол көтерді” деп айтатын қыз боламын деп ойламадым. Бірақ солай болды. Мен кесіп өтуге болмайтын шекара болуы керек деп есептеймін. Сондықтан бұл фотолар мен видеоларды жарияламасам, өзімді сатып жібергендей боламын. Профессор болмай тұрып, мен лайықты тәрбие мен білім алсын деп еден жуған әкеме опасыздық жасаймын. Ағам екеумізді қамтамасыз ету үшін тырысып, нағыз отбасы болып өмір сүрейік деп тамаша еңбек жолын қалдырған анама опасыздық жасаймын. Мен физикалық тұрғыдан әлсіз болсам да, мен үшін қолайсыз нәрсе туралы үнсіз қала алатындай моральдық тұрғыдан әлсіз емеспін. Мен өзімді және намысымды қорғауға мәжбүрмін”, – деді қыз.

Сөзінше, ол мұны жариялау арқылы қызға қол көтеру қалыпты нәрсе емес екенін түсіндіргісі келеді. Жазбасына қарасақ, Бутеева арыз жазбаған. 

“Шыдап отырмай, ереу арыз жазуым керек еді. Бірақ мен қатты абдырап қалғаным сонша, мен не болып жатқанына сене алмадым. Мен кек алуды немесе жауласуды қаламаймын, бірақ мен басқаша әрекет ете алмаймын. Өзіңіз қорытынды шығарыңыз. Бұл бізбен аяқталады деп үміттенемін”, – деді Шәріптің экс-сүйіктісі.

Роза Әшірбаева, Айтбек Амангелді сынды белсенділер қызды қолдайтындарын мәлімдеп, режиссерлардан Шакенти атымен белгілі актерді енді жұмысқа шақырмауды талап етті. Олар мұндай жұлдыздардан халық бас тартуы керек деп санайды. 

Шәріп Серіктің бұрынғы жары Say Mo да қызға қолдау білдірді.

“Сені түсінемін және толықтай қолдаймын”, – деді әнші.

Осы жайттан соң Salem Entertainment компаниясы актермен әріптестік қарым-қатынасты тоқтататынын мәлімдеді.

– Соңғы оқиғаларға байланысты Sәlem Entertainment ұжымы Шәріп Серікті «қара тізімге» енгізіп, онымен кез келген ынтымақтастықты толығымен тоқтатты. Бұған дейін жарияланған «Шакал» сериалы мен «Qarga» сериалының үшінші маусымы ресми түрде жабылды. Сонымен қатар, актер «Meow» сериалының екінші маусымында басты рөлдердің бірін сомдауы тиіс болған, алайда ол жобадан толықтай алынып тасталды. Сондай-ақ «Патруль: последний приказ» фильмінің шығармашылық ұжымы актердің қатысуымен түсірілген көріністерді кинонұсқадан алып тастау жұмыстарын қолға алды. Актермен барлық келісім-шарт тоқтатылды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ бұған дейін шыққан фильмдерде Шәріп Серік бар көріністерді алып тастамақ.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.

– Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның болған орны мен уақытын қоса алғанда, объективті мән-жайлар анықталып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады, – деп хабарлады ведомстводан.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)