Үкімет зейнеткерлердің несиесі кешірілсін деген талапқа жауап қайтарды

04.04.2025, 15:35
476
Үкімет зейнеткерлердің несиесі кешірілсін деген талапқа жауап қайтарды SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Депутаттар қариялардың несиесін кешіру керегін айтып еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, наурыз айының басында Мәжіліс депутаттары Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың атына зейнетақы төлемдерін заңнамадан «кіріс көзі» ретінде алып тастап, зейнеткерлердің қарызын кешіру керектігі туралы сауал жолдаған болатын.

Вице-премьердің жауабында зейнеткерлер де кез келген Қазақстан азаматы сияқты жеке тұлғаның соттан тыс банкроттығы арқылы қарыз проблемасын реттей алатыны және аталған тетікті жетілдіретін жаңа нормалар әзірленіп жатқаны айтылған.

— Заң бойынша мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді аударуға арналған банк шоттарындағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуынан мемлекет қорғайды. Зейнетақы аталған төлем түрлеріне жатқызылмаған. Әлеуметтік Кодекстің 203-бабына сәйкес зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізілуі мүмкін. Бірақ зейнетақыдан ұстап қалу төлемі 50 пайыздан аспау керек, — деп түсіндіреді Ермек Көшербаев.

Депутаттардың ұсынысын Ұлттық банктегілер де қолдамаса керек.

— Ұлттық банктің ұстанымы бойынша, егер зейнетақы төлемдерін үшінші тұлғалардың өндіріп алуынан толық қорғау енгізілсе, онда зейнеткерлерге берілетін несиелердің қайтарылуын қамтамасыз етуі қиынға соғуы ықтимал. Осылайша банктер өз кезегінде аталған санаттағы азаматтарға несие беруді қатаңдатуы немесе оны тоқтатуды қарастыруы мүмкін. Бұл осы банк өнімін пайдаланатын зейнеткерлер арасында келіспеушілік туғызады. Жекелеген санаттағы азаматтардың қарызын кешіру барлық қарыз алушылардың, оның ішінде төлеу қабілеті бар азаматтардың арасында масылдықтың өсуіне және кредиттік тәртібіне теріс әсер етіп, өз кезегінде қаржы нарығы үшін жүйелі тәуекелдердің пайда болуына әкеп соғуы мүмкін, — деп жазылған жауапта.

"Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Ер адам өзінің екі жасар қызын көлігімен басып өлтірді Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады «Маған да берген жоқ»: Әнші Amre атақ бермегені үшін ренжіп қалды Ұлттық ұланның ән-би ансамблі Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде көрермендердің жүрегін елжіретті Сыныптасына қателесіп қоңырау шалғаны үшін полицей фельдшерді өлтірген 68 жастағы әйел күйеуін арақ ішкені үшін пышақтап өлтірген «Я, Аллаһым, мені сақташы…»: Азапталып қаза болған Ақнәрдің соңғы сәттегі видеосы тарады (ВИДЕО) Боксшы қыздарымыз Азия чемпионатынан 12 алтын иеленді «Туғанымдай бағып едім»: 29 жастағы жігіт өгей анасы мен оның немересін өртеп жібермек болған «Басыңызға келсін»: Мөлдір Әуелбекова үй шаруасын жасамайтынын айтты Қатерлі ісікке шалдыққан Джо Байденнің 1 жыл ғана өмірі қалған Шымкентте жазасын өтеп жүрген ер адам 8 жасар қыздың етегіне қол жүгірткен