Әйелін бірнеше жыл сабаған дипломат Сәкен Мамаш Астанада тұтқындалды

04.04.2025, 10:15
1101
Әйелін бірнеше жыл сабаған дипломат Сәкен Мамаш Астанада тұтқындалды жеке мұрағатынан

Дубайдағы дипломаттың ісіне қатысты сараптамалар жасалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қаласының Полиция департаменті бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты қозғалған қылмыстық істің тергеу барысы туралы айтты.

Ведомствоның баспасөз қызметі редакция сұранысына берген жауабында құқық қорғау органдары былтыр Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінде кеңесші қызметін атқарған Сәкен Мамашқа қатысты жұбайын жүйелі түрде ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын еске салды.

Полиция тарапынан жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті сараптамалар жүргізілді. Айтарлықтай дәлелдемелер жиналып, бекітілді, – делінген департамент хабарламасында.

Тергеу нәтижесі бойынша тергеу соты күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу шешімін шығарды. Тергеу мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеудің өзге де деректері жария етілмейтінін айтты.

Еске салайық, 2024 жылдың мамыр айында «НеМолчи.kz» қорының парақшасында Сәкен Мамаш есімді елшілік кеңесшісінің жұбайын тұрақты түрде ұрып-соғатыны туралы ақпарат жарияланған болатын. Бұл жағдайға ҚР Сыртқы істер министрлігі де үн қатып, дипломатты шұғыл елге кері шақырту жөнінде шешім қабылдағанын хабарлаған.

2024 жылдың 28 маусымында Астанадағы мамандандырылған әкімшілік сот Сәкен Мамашқа қатысты денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша істі қарады. Сот шешімімен ол кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады