5661

Спортшы Сұлтан Заурбекке Шымкент қаласының әкімі демеушілік жасай ма?

3 сәуір күні Rixos President Astana қонақүйінде 5 сәуір күні өтетін “Battle of the Brave” жекпе-жегінің баспасөз-мәслихаты өтті. Іс-шараға Махмұд және Төрехан Сабырхан, Батыр Жүкембаев, Баходир Жалолов (Өзбекстан), Азинга Фузиле (ОАР), Сұлтан Заурбек және олардың промоутерлері мен менеджерлері қатысты. Сұрақ-жауап уақытында спортшылардың жеке дайындығы мен алдағы бойға деген күтетін нәтижелері сөз болды.

Спортшы Сұлтан Заурбекке Шымкент қаласының әкімі демеушілік жасай ма?
Алина Еркінбек

Сұлтан Заурбекке қойылған сұрақтардың арасында “Неге Шымкенттің логотипімен шығып отырсыз?” деген сұрақ қойылды. «Қазақ нокаутының патшасы» атанып кеткен спортшы былай деп жауап берді:

«Енді мен шетелде төбелессем, әрине, қазақ болып Қазақстанның атын шығарып көк туымен шығамын. Ал Қазақстанда жекпе-жек кезде мен өз туған жерім Шымкенттен шығамын. Себебі Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімажитұлының демеушілігі менде сондықтан сол кісіге әрі өз қалама деген құрметім»

Фото авторы: Жумабай Эльмира

Кәсіби боксшының бұл елдегі ортаға 4 жыл салып қатысайын деп жатқан жекпе-жегі. Оның айтуынша, екі әлем чемпионың белдігі сарапқа салынып жатқанына қуанышты әрі мақтаныш. Спортшы жекпе-жекке сақадай сай   дайын екенін, әдемі шоу болатынын жеткізді.

«Сұлтан Заурбек кәсіпқой бокстың патшасы болып жүрген жігіт. Өте мықты, алдағы уақытта дәл осы біздің Жәнібек Әлімханұлы секілді әлем чемпион белбеуін алу мүмкіндігі жоғары боксшылардың бірі де бірегейі. Сұлтанның өзіндік бокстасу мәнері бар, әлеуметтік желі де жұлдыз, белсенді жүргізеді. Кәсіпқой боксқа егер аяқ бассам деген өзге боксшылар, балалар болса Сұлтанның әлеуметтік желідегі парақшасына жазылып, зерттеп, содан көп нәрсе үйренсе болады»- деді Айбек Қабылша «Sport+» арнасының бас редакторы боксшы жайлы өз пікірін білдірді.

«Қазақ нокаутының патшасы» аталып кеткен кәсіпқой боксшы алдағы уақытта «Kazakh king», «Қазақ патшасы» лақап атымен шығатынын айтты.

 

Мақала авторы: Алина Еркінбек