Садыр Жапаров: «Қырғызстанда жемқорлық 90 пайызға жойылды»

30.11.2023, 12:32
617
Садыр Жапаров: «Қырғызстанда жемқорлық 90 пайызға жойылды» canva.com

Елімізде жемқорлықтан сау сала жоқ болса керек. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Сыбайлас жемқорлықты тыюдың жолы табылмай келеді деп айтуға негіз бар. Өйткені күн сайын дерлік жемқорлық дерегі туралы материалдар жарияланып жатады. Бұл жегі құрттың өміршеңдігі соншалық, бірі ашылып жатса, екіншісінің құлағы қылтиып шыға келеді. Ақшаға құныққандар ешқандай заңнан да, жазадан да қаймықпайтын болса керек. 

«Қазпошта» акционерлік қоғамы ішкі тексеру жұмысын жүргізген екен. Жылдың басынан бері «Қазпоштаның» филиалдарында 273 миллион теңгенің ұрланғаны жайлы деректер анықталыпты. «Қазпошта» акционерлік қоғамының инстаграм парақшасында PR-қызметінің бұл жайлы хабарламасы жарияланды. Хабарламаны сөзбе-сөз келтіреміз. Онда былай делінген:

«Қазпошта» АҚ ұрлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жалғастыруда. Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өңірлерде жалпы сомасы 273 миллион теңгені құрайтын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды. Қазіргі таңда ішкі тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау және күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды. Заң бұзушылық фактілері қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу фактілері бар. Барлығы 7 өңірлік филиалда 11 қылмыстық іс тіркелді. «Қазпошта» АҚ орталықта және жергілікті жерлерде түрлі заң бұзушылық әрекеттермен күресті одан әрі жалғастырады және құқық қорғау органдарымен аталған бағыт бойынша бірлесіп жұмыс істейтін болады».

Қызметті тексеру кезінде «Қазпошта» акционерлік қоғамының аймақтық бөлімшелерінен жүздеген миллион теңге ұрлық, алаяқтық, жымқыру, заңсыз өтемақы алу жолдарымен қолды болғаны айтылады.

Шындап тексерсе мұндай жағдай өзге салалардың бәрінен де шығатын болса керек. Бұл жөнінен «Қазпошта» акционерлік қоғамы өзгелерге жол көрсеткендей болып отыр. Ішкі тексеру мұқият әрі табанды жүргізілсе, жемқорлықтың неше алуан түрі анықталуы мүмкін.

Жалпы, жемқорлық мәселесінде қоғам, мемлекет болып бір сілкініс жасау керек-ақ. Рас, құзырлы органдар қыруар еңбек етіп, жемқорлықтың мың-сан оқиғаларын ашып та, ондай әрекетке барғандарды жазалап та жатыр. Дегенмен оның бәрі жемқорлар үшін шыбын шаққан құрлы болып жатқан жоқ. Жемқорлықтың азаятын да, тыйылатын да түрі көрінбейді.

Өзіміздегі жемқорлықтың ахуалы дегенде, көрші елдердегі жағдайға назар аударатынымыз да бар. Жемқорлық Қырғызстанда кеміп жатқан сыңайлы. Осы айдың басында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдегі жемқорлық кем дегенде 90 пайызға жойылғанын мәлімдеді. Президент Садыр Жапаровтың айтуынша, соңғы жылдары Қырғызстан өзінің бюджетін 3 есеге ұлғайтқан.

«Сыбайлас жемқорлықты 100 пайызға жоя алмағанымызбен, оны 90 пайызға орындадық. Сондықтан бюджетіміз өсіп жатыр», – деп жазды Қырғызстан президенті әлеуметтік желіде.

Садыр Жапаров 2019 жылы қырғыз халқы еліміз сыртқы қарызын қалай өтейді, жеріміздің бір бөлігінен айырылып қалмаймыз ба деп алаңдаса, қазір ондай мәселе жоқ екенін айтты. Ол 2020 жылға қарай мемлекеттің қарызы 5 миллиард долларға дейін өскеніне, бірақ жаһандық дағдарыстарға, пандемияға және бюджет тапшылығына қарамастан, Қырғызстан оған уақтылы қызмет көрсетіп келе жатқанына тоқталды. Жапаровтың сөзінше, мемлекеттің қарызды өтеуінің шарықтау шегі келесі жылы болады.

Ең бастысы,  Қырғызстан сыртқы қарызды өз күшімен, яғни бюджет қаражаты есебінен жабуы керек. Соған ұмтылыс бар. Әзірге қарыздың бір бөлігін жаңа гранттармен немесе шетелдерден  несие алу арқылы жауып келетін көрінеді. Жапаров сыртқы мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуге кететін қаржы бюджетте қалса, жетістіктер бұдан да көп болатынын, зейнетақы, жалақы мен жәрдемақы еселеп өсетінін айтты. Қырғызстан өткен жылдың жазында 3,5 жылға төтенше жағдай режимін енгізген екен. Бұл жағдай құрғақшылықпен, судың аздығымен және электр қуатының жетіспеуіне байланысты энергетикалық дағдарыстан қиындықсыз шығумен байланысты.

Жемқорлық жағдайы Өзбекстанда да мәз емес. Өзбекстан басшылығы жемқорлыққа қарсы түрлі шараларды енгізіп жатыр. Дегенмен жемқорлық тыйылған жоқ. Өткен 2022 жылы мемлекеттің қаражатын жымқырған немесе талан-тараж еткен 3 мың 116 лауазым иесі ұсталып, жауапқа тартылыпты.  Мұншама адам 2 965 қылмыстық істің ішінде жүр. Мемлекетке 1,12 триллион сум залал келтірілген. Алдын-ала тергеу барысында соның 847 миллиард сумы өндірілген. Ал 2021 жылы 2345 қылмыстық іс бойынша 2804 лауазым иесі жауапқа тартылған.

Жемқорлықты жоюда Қырғызстанның жолын берсін.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)