Жанна Оразбақова: «Кімнің «қайыршы», кімнің «әкесі жоқ» бала екенін көрсетіп жүр» (ФОТО, ВИДЕО)

13.11.2024, 13:17
1225
Жанна Оразбақова: «Кімнің «қайыршы», кімнің «әкесі жоқ» бала екенін көрсетіп жүр» (ФОТО, ВИДЕО) коллаж smartnews.kz

Танымал адвокат мұқтаж отбасының балаларын жалпақ жұртқа масқаралай көрсетіп, желіде баланың көмек сұраған фото-видеосын жариялайтын қайырымдылық қорлары мен мектептерді сынап, оларға қатаң ескерту жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, елге белгілі заңгер Жанна Оразбақова мұқтаж отбасыда тәрбиеленіп жатқан балалардың жан-дүниесіне жара салмауды сұрады. 

«Асар-Уме» қайырымдылық қорына қатысты туған даудан кейін адвокат Жанна Оразбақова желідегі жеке парақшасында өз пікірін білдірді.

«Мен мектепте оқыған жылдары Жаңа жыл қарсаңында сыныпқа мұғалім кіріп, 30 баланың көзінше «Қайрат, Гауһар, Самат, Әйгерім, аналарың «әкесі жоқ» деген анықтама әкелсін. Ал Лаура мен Әсем, көпбалалы отбасы екені туралы анықтама әкеліңдер. Марат, сенің әкең маскүнем екен, сен де анықтама әкел. Жақын арада күртешелер мен етіктер таратылады, бәріңді жағдайы нашар отбасылар тізіміне қостық» дейтін. 

Бір аптадан кейін барлығына арзан былғарыдан жасалған бірдей күртеше мен етік берілетін. Неге екені білмеймін, әйтеуір олар кімнің әкесі жоқ, кімнің мұқтаж екенін көрсетіп, бәрінің көзінше масқаралап беретін. Жақсы аяқкиімге ақшалары жетпеген болар, бірақ осы дүние  балалардың жан-дүниесіне өмірінің соңына дейін қалатын жара салып кетті», – деді адвокат.

Айтуынша, мұндай қайырымдылықтың кесірінен мектепте балалардың арасында алалау мен бөліну пайда болады.

«Оқу жылының басында мұқтаж жандардың тізімін жасап, «кім мұқтаж? Анықтама әкеліңдер! Тегін тамақтанасың!» дейтін. Асханада оларды тамақ қойылған бөлек дастарханға отырғызатын. Осылайша бүкіл мектепке кімнің «қайыршы» екенін, кімнің «әкесі жоқ» екенін көрсетіп қоятын», – деді Оразбақова.

Ол мектеп бітіргеніне 20 жылға жуық уақыт өтсе де, қайырымдылық әлі осылай жасалады деп ашынды. Желіде жағдайы нашар отбасыны, баланың жылағанын, олардың нашар үйін жарияға жар салып көрсетіп, солай халықтан жылу жинайтын еріктілерді сынға алды.

Олар «Міне, Қайрат пен Гауһардың отбасы, олардың 5 баласы бар, Қабанбай ауылындағы қираған уақытша лашықта тұрады», «Қане, балалардың бетін үлкен планда көрсетейік. Қызы үй тапсырмасын орындап жатыр, ал ұлы жыртық шалбармен пеште ұйықтап жатыр. Видеоға драма қосайық, баланы соңына дейін ұялтайық» дейтіндей», – деді ол.

Жанна Оразбақова балалардың бетін желіде бұлдыратып беруді сұрады. Ол балалардың болашағын ойлау керек дейді.

«Балалар мектепке барады, олар әлі де бұл қоғамда ұзақ өмір сүреді. Оларда таңдау жоқ. Неге біз жақсылықты жай ғана адамгершілікпен жасай алмаймыз? Неге мұндай отбасыларды жұртқа паш етпей-ақ, жасырын көмектеспеске? Неге әр Жаңа Жылдың алдында осы балаларға арзан бір қорап кәмпит ұстатып, есеп үшін фотоға түсіру керек? Олардан «фотоға түскің келе ме?» деп сұрадыңдар ма өзі?

Әр жылы 1 қыркүйекте бәріне бірдей рюкзакты бергенде, оны шынымен көмек үшін бересіңдер ме, әлде есеп фотоға түсіру үшін бе?», – деді Оразбақова.  

Ол халыққа есеп желіде фото арқылы емес, Excel бағдарламасында жасалатынын айтты. Сөзінше, мұндай желідегі жария етіп жасалатын қайырымдылықтың кесірінен балалар сөзге қалады, құрдастарының мазағына қалады.

«Балаларды бай-кедей, бақытты және бақытсыз деп бөлмейік! Балалар балалық шақтан ләззат алуы керек және оны өмірлеріндегі ең нашар уақыт ретінде есте сақтамауы керек. Бұларды олар кейін психологтың кабинетінде айтып отырмауы керек!», – деді адвокат.

Бұған дейін блогер Еркежан Шайхиева да балалардың жылаған видеосын салған қайырымдылық қорын тексеруді талап етті. Қор жұмысын жүргізуге адамдардың эмоциялық күйін пайдалануға наразылық білдіріп, бала құқықтары жөнінде уәкіл Динара Закиеваға жүгінді.

«Динара Закиева, Asarume қоры өз қызметін сату үшін балаларды қалай пайдаланатынына назар аударыңыз. Сондай-ақ балаларды қордың жарнамасына пайдаланады. Балалардың фотоларын/видеосын қолданып жүр. Бұл олардың психикасына кері әсерін тигізеді», – деді блогер Еркежан Шайхиева.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды