Мәжіліс экономикалық құқық бұзушыларды қылмыстан арылтатын заңды қабылдады

29.05.2024, 11:33
665
Мәжіліс экономикалық құқық бұзушыларды қылмыстан арылтатын заңды қабылдады egemen.kz

Мәжіліс депутаттары екі заң жобасын да қабылдап, Сенат қарауына жіберді.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды екінші оқылымда қабылдады.

«Заң жобаларын талқылау барысында уәкілетті мемлекеттік органдардың, атап айтқанда, Қаржы мониторингі агенттігінің, Әділет министрлігінің, Бас прокуратураның, Жоғарғы соттың өкілдерімен келісе отырып, депутаттар Қылмыстық кодекстің 234 және 236-баптары бойынша қылмыстық жауаптылықтың басталу шегін ұлғайтты. Атап айтқанда, бұл баптарды қылмыстық сипаттан арылту белгілі бір жаза үшін жауапкершілікті жеңілдетуді көздейтіндіктен, біз ол баптар бойынша санкцияларды да қайта қарастырдық. Ал, 236-бап бойынша біз санкцияларға тиіспей, тек міндетті тәркілеуді алып тастадық, өйткені баптың өзінде кедендік баждарды төлеуден жалтарғаны үшін ғана жауаптылық көзделген, яғни бұл жерде тәркіленуге жататын зат жоқ», — деді заң жобалары туралы баяндаған Мәжіліс депутаты Абзал Құспан.

Оның атап өтуінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 179-бабына редакциялық сипаттағы түзетулер енгізіліп, жаңа 3) тармақпен толықтыру ұсынылды. Онда мазмұны сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде істерді тіркеуді болғызбайтын 3 негізге сәйкес келмейтіндіктен, «Экономикалық қызмет саласындағы бұзушылықтар туралы» деген сөздер «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару фактілері туралы» деген сөздермен ауыстырылды.

«Сондай-ақ, егер адам салық берешегін өтеген болса, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде өтініштерді тіркемеу ерекшеліктердің бірі ретінде көзделіп отыр. Бірақ бұл ерекшеліктің қылмыстық топ құрамында іс-әрекет жасаған адамдарға қатысы жоқ екенін атап өткім келеді. Заң жобасының бүкіл мәтіні бойынша құқықтық олқылықтарды жою, заң жобасының нормаларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында редакциялық, нақтылау сипатындағы түзетулер енгізілді», — деді ол.

 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды