Германия мен Жапонияның үлгісі бойынша: зейнеткерлерге арналған «Алтын жас» бағдарламасы іске қосылады

14.06.2024, 19:57
1015
Германия мен Жапонияның үлгісі бойынша: зейнеткерлерге арналған «Алтын жас» бағдарламасы іске қосылады iStock

Енді зейнеткерлер де субсидияланған жалақы алып, жұмыс жасай алады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, зейнеткерлік жастағы адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша «Алтын жас» бағдарламасы енгізіледі.

Бағдарламаның мақсаты-зейнеткерлікке шыққаннан кейін адамдардың еңбек өміріне белсенді және нәтижелі қатысуы, жұмыспен қамтылған халық санын ұлғайту және тәлімгердің рөлін нығайту үшін мүмкіндіктер жасау.

Бағдарламаның ерекшелігі қатысушыларға субсидияланған жалақыны қамтамасыз ету болып табылады. Зейнеткерлік жастағы адамдарға еңбекақы төлеу жұмыс берушінің қаражаты есебінен жалақының белгіленген мөлшерінің кемінде 50% мөлшерінде жүргізілетін болады және жергілікті бюджет қаражатынан субсидияланады, бірақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі бір жалақыдан аспайды (2024 жылы – 85 мың теңге).

«Алтын жас» бағдарламасын іске асыру 2024 жылдан 2028 жылға дейінгі кезеңге жоспарланған. Зейнеткерлік жастағы адамдардың бағдарламаға қатысу мерзімі 36 айдан аспайды. 2024 жылы 500 орынға қаржыландыру бөлінді, 2025 жылға 1000 орын, 2026 жылға 1500 орын жоспарланған.

Статистикалық деректер бойынша, 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдайға орай Алматыда 247 844 зейнеткер тұрады, олардың үлесі Алматы қаласы халқының жалпы санының 11% -ын құрайды. 2023 жылы мегаполис бойынша жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (1 045 505 адам) зейнеткерлік жастағы жұмыспен қамтылғандардың үлесі 4,4% немесе 44 378 адамды құрады, оның ішінде 33 731-і ұйымдарда жалдау бойынша жұмыс істейді, 10436 жеке кәсіпкер және 736 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша зейнеткерлік жастағы адамдар үшін жұмыс орындарын құру қажеттілігіне талдау жүргізді.

Зейнеткерлік жасқа толған қаланың 1 076 тұрғыны қатысқан әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы 80 жасқа дейінгі 48% (немесе 519 адам) еңбек қызметін жалғастыруға және мегаполис экономикасының дамуына өз үлесін қосуға ниетті екенін көрсетті. Жұмысты жалғастырудың негізгі себептері-қоғамға пайдалы болуға деген ұмтылыс (15%), жұмыс орнында тәлімгерлік қызметті жүргізу қажеттілігі (40%) және қосымша табыс алу (45%).

Мониторинг қорытындысы бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдар мен жеке кәсіпорындар арасында 1 753 зейнеткердің жұмысқа орналасу қажеттілігі анықталды.

Зейнеткерлік жастағы адамдарды жұмысқа орналастырудың ең үлкен қажеттілігі денсаулық сақтау, білім беру және өнеркәсіп салаларында, оның ішінде 47% -ы дәрігерлер, орта және кіші медициналық персонал, жоғары оқу орындарындағы педагогтар,мектептердегі мұғалімдер, тәрбиешілер, инженерлер, электриктер, монтерлер және басқа да мамандықтар сияқты білікті жұмыс орындарына арналған.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес, атап айтқанда ЭЫДҰ елдері (Германия, Жапония және т.б.) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін заңнамалық негізде жұмыспен қамтудың белсенді шараларын қолдануда. Мысалы, Жапонияда бизнес иелеріне 70 жасқа дейінгі егде жастағы адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар осы санаттағы кадрлардың айналымына талдау жүргізу міндеттелді. Германияда зейнеткерлерді жұмыспен қамтуды жеңілдету мақсатында «Шағын» жұмысқа орналастыру форматы әзірленді, оның аясында қатысушыларға ең төменгі жалақы қамтамасыз етіледі. Бұл уақытша және тұрақты сипаттағы жұмыс, онда жұмыс берушімен зейнеткер үшін жұмыс сағаттарының саны талқыланады.

Бағдарламаға қалай қатысуға болады?

* жұмыс беруші бос жұмыс орнын көрсете отырып, өтінімді электрондық пошта арқылы ұсынады a.jas@almaty.gov.kz және оны электрондық еңбек биржасының онлайн-сервисіне орналастырады Enbek.kz «зейнеткер үшін» деген белгімен;

* берілген өтінімдер негізінде Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы мамандығы, саны, ұзақтығы және жұмыс кестесі, айына еңбекақы мөлшері көрсетілетін ұйымдардың тізбесін жасайды;

* зейнеткерлік жастағы адам Алматы қаласының мансап орталығына мына мекенжайға Достық даңғылы, 85, 2 қабат, каб .201 А бойынша жұмысқа орналасу туралы өтінішпен жүгінеді немесе электрондық пошта арқылы a.jas@almaty.gov.kz;

* Орталық қызметкерлері түйіндеме жасауға және қолайлы жұмыс орнын таңдауға көмек көрсетеді және әңгімелесуге жолдама береді;

* жолдама берілгеннен кейін зейнеткер жұмыс берушімен әңгімелесуден өтеді, ол сәтті өткен кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарты жасалады;

* жұмыс беруші Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа қабылдау туралы бұйрықты және еңбек шартының көшірмесін Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығына ұсынады, сондай-ақ құжаттардың сканерленген көшірмелерін электрондық еңбек биржасының Enbek.kz.онлайн-сервисіне орналастырады.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды