«Косметикаға және тапсырыс беріңіз»: Қазақстандағы белгілі «Золотое яблоко» дүкенінің жарнамасында қате кеткен

Аиса Махамбет Редактор
27.06.2024, 18:59
669
«Косметикаға және тапсырыс беріңіз»: Қазақстандағы белгілі «Золотое яблоко» дүкенінің жарнамасында қате кеткен stan.kz

Алматы көшелеріндегі косметика мен парфюмерия сататын белгілі «Золотое яблоко» компаниясының баннерінің мәтіні қазақшаға қате аударылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы "Золотое яблоко" баннеріндегі жарнамада "Заказывайте косметику и не только" деп орысша жақсы жазылған. Ал осы мәтінді қазақшаға "Косметикаға және тапсырыс беріңіз" деп қате аударыпты. Stan.kz тілшісі осы мәселе жөнінде маркетинг бөлімінен мардымды жауап ала алмаған.

Мұндай қате жарнаманы неліктен орналастарды деп, компанияның WhatsApp желісіне тілшілер жазып көрген. 

"Өкінішке қарай, қатені қарау уақытты алады. Егер сізге жауап келмесе, ынтымақтастықтан бас тартылған болуы мүмкін", – деді маркетинг бөлімінің менеджері.

Stan.kz басылымының дерегінше, "Косметикаға және тапсырыс беріңіз" деген сөйлемнің орнына "Косметикаға және басқасына да тапсырыс беріңіз" немесе "Косметиканы және басқасын да тапсырыспен алдырыңыз" деп жазған дұрысырақ. Себебі мұндағы "Басқасына да" деген тіркес орысшасындағы "и не только" деген мағынаны береді. Ал "да" демеулік шылауы өзі жалғанған сөздің әлі бірнешеуі бар екенін білдіру үшін қолданылады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы “Москва” сауда орталығының Led экранындағы жарнамада “йе” деп қате жазылып кеткені туралы жаздық. Сауда кешеніндегі жарнама бөлімінің басшысы Ербол мырза қате жарнамаға қатысты пікір білдіріп, бірнеше уақыт өткеннен кейін ол жарнаманың бүгін түзелетінін айтты. Әкімшілік өкілі сөз бергендей, қате жарнаманы келесі күні түзеткен.

Ресейде теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды «Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО)