2030 жылға қарай Түркіменстанның әскерінен түк қалмай ма?

23.07.2024, 12:19
745
2030 жылға қарай Түркіменстанның әскерінен түк қалмай ма? turkmen.news

Түркіменстанда жыл сайын әскер қатарындағы офицерлердің қызметтен кету үрдісі пайда болды деп жатыр. Тәжірибе жинақтаған офицерлерді қызметтен босатқанымен орындарын олардан мықты кадрлар басып жатса бір сәрі. Бұлай болуы Түркіменстанның Қарулы күштерін жақсылыққа жетелемейді деген пікір бар.

Биылғы жылдың төрт айында бұл елде 268 офицер қызметтен кетіпті. Былтыр жыл бойына қызметтен ез еркімен босаған офицерлердің саны 127 болған екен. Мұндай деректі turkmen.news басылымы келтірген.

Басылым бұл қарқынмен Түркіменстанда тәжірибелі офицерлер қалмай бара жатыр деп жазған. Ол жақта қызметіне риза болмаған офицерлерді үйсіз-күйсіз шекараға жібереді екен. Барған офицерлер казармаларда қатардағы сарбаздармен бірге өмір сүреді. Екі жылдық мерзімді қызметті өтеп жүрген сарбаздарға жағдай жасалмағаны, казармалар мен асханалардың тозығы жеткені айтылады.  Түркіменстан Қарулы күштеріне бюджеттен бір жылға 800 миллион доллар бөлінгенімен, қаржының басым бөлігі генералдардың қалтасында кететін көрінеді.

Қызметтік пәтерге қол жеткізген офицерлер зейнеткерлікке шыққаннан кейін баспананы жекешелендіруге рұқсат жоқ. Демек, қызметтік пәтерді қайта  алып қоятын болса керек. Бұған әскерилер мен олардың отбасылары қатты ашынады деп жатыр. Қорғаныс министрлігі бес жылдан бері әскерилердің жалақысын көтермеген, зиянды және қауіпті жағдайдағы қызмет үшін қосымша ақы төлеу деген мүлде жоқ. Әскерилердің жұбайларына әскери қалашықтарда жұмыс жоқ, олар босқа отырады, табыс таппайды.

Сарапшылар соңғы бес жылда сарбаздардың тамағы нашарлағанын, құнары төмендеп кеткенін айтады. Сарбаздар азып, құр сүлдерін сүйреп жүреді, қызмет етуге шамалары келмейді деп жазыпты. Денсаулығына байланысты әскери қызметтен босаудың да жолы ауыр, оған пара жүреді деп жатыр. Бұл түрімен 2030 жылға қарай Түркіменстанның Қарулы күштерінен түк қалмайды деп болжап отырған сарапшылар бар.

Түркіменстанның әскеріне осындай сын айтып жатқандар – Орталық Азия хабарларын таратушы asian24news.com, turkmen.news, тағы басқа ақпарат құралдары.

Түркіменстан Қарулы күштері жайлы мәліметте бұл елдің армиясында 36 мың 500-дей адам қызмет ететіні келтірілген. Қарулы күштері құрлықтағы әскер, әскери-әуе күштері және әскери-теңіз күштерінен тұрады.

Құрлықтағы әскерде 33 мың әскери қызмет етеді, соның ішінде 5 мыңы шекарада. Құрлықтағы әскерде 654 танк, 1038 дөңгелекті техника, 260 барлауға мінетін әскери көлік, 898 бронетранспортёр, 12 бронды көлік, 8 десант көлігі, 765 артиллериялық құрылғы, 72 гаубица, 17 дөңгелекті миномёт құрылғысы, 154 дүркіндетіп ататын реактивті жүйе, 97 миномёт, 70 зениттік құрылғы бар екен.

Әскери әуе күштерінде 3 мың адам қызмет етеді. Мұнда 24  «МиГ-29»тактикалық жойғышы, 31 «Су-25» шабуылдаушысы, 3 жүк ұшағы, 2 оқу-жаттығу ұшағы, 2 түрлі мақсаттағы тікұшақ, 11 көлік тікұшағы, әуе қорғанысының зениттік-ракеталық кешені бар.

Түркіменстанның әскери-теңіз күштерінде 500 адам қызметте. Мұнда 4 патрульдік катер қызмет атқарады.

Былай қарағанда, Түркіменстанның әскері осал емес. Бар-жоғы 5,6 миллион халықтан 36,5 мың әскер шығарудың өзі үлкен жұмыс. Өзбекстан 31,1 миллион халықтан 65 мың әскер, ал Қазақстан 20 миллионға жетер-жетпес халықтан 77 мың әскер шығарған.

2023 жылдың рейтингінде Түркіменстанның Қарулы күштері 82-ші орыннан көрінді. Салыстырмалы түрде келтірсек, Өзбекстан 62-ші, Қазақстан 63-ші, Қырғызстан 107-ші, Тәжікстан 120-шы орында.

Түркіменстан 1995 жылдан бері бейтараптық мәртебеге көшкен. Содан бері әлемдегі ешбір саяси-әскери ұйымға кірген емес. Ол елдің шекарасы құрлықта Ауғанстанмен, Иранмен, Қазақстанмен, Өзбекстанмен шектеседі. Каспий теңізінің өзіне қарасты аумағына да иелік етеді. Теңізде Түркіменстан Әзірбайжанмен, Иранмен, Қазақстанмен және Ресеймен шектеседі. Түркіменстанның теңіз бетіндегі шекарасының ұзындығы 600 шақырым.

Орталық Азия елдерінің бәрінің әскері мықты болғаны жақсы. Түркіменстанның әскері әлсіремей, керісінше, қуаты арта түссін, тәртіп пен заңдылық үстемдік құрсын деп тілейік.

«Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады «Маған да берген жоқ»: Әнші Amre атақ бермегені үшін ренжіп қалды Ұлттық ұланның ән-би ансамблі Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде көрермендердің жүрегін елжіретті Сыныптасына қателесіп қоңырау шалғаны үшін полицей фельдшерді өлтірген 68 жастағы әйел күйеуін арақ ішкені үшін пышақтап өлтірген «Я, Аллаһым, мені сақташы…»: Азапталып қаза болған Ақнәрдің соңғы сәттегі видеосы тарады (ВИДЕО) Боксшы қыздарымыз Азия чемпионатынан 12 алтын иеленді «Туғанымдай бағып едім»: 29 жастағы жігіт өгей анасы мен оның немересін өртеп жібермек болған «Басыңызға келсін»: Мөлдір Әуелбекова үй шаруасын жасамайтынын айтты Қатерлі ісікке шалдыққан Джо Байденнің 1 жыл ғана өмірі қалған Шымкентте жазасын өтеп жүрген ер адам 8 жасар қыздың етегіне қол жүгірткен Ресей командирлері украин тұтқындарын өлтіріп жатыр (ВИДЕО) Түркістанда қоңыр аю камераға түсіп қалды (ВИДЕО) Жанжал кезінде Қаржаубай Нұрымовтың қолында қандай пышақ болғаны айтылды Швейцариялық Димаштың жанкүйері Қазақстан туралы кітап шығарды Екібастұзда есірткі жасырумен айналысқан оқушы қыз ұсталды Бүгін бірқатар өңірде бұршақ жауады «Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді