SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, халыққа Amre атымен танылған Ернар Садырбаев өнерде жүрген жылдарында ешқандай атақ алмағанын айтты.
Еске салайық, Ақбота Керімбекова марапат алған әріптестерін сынап тастаған еді."Эстарада әншісінің мансабындағы ең маңызды деген барлық конкурстарына барып, төбе көрсетсем де, биыл маған тағы да бұйыртпапты. Еш реніш емес, 30 жасыма дейін "Еңбек сіңірген қайраткері" атағын алу деген пенделік арманым болған. Кейінге қалады. Әріптестерімді маңызды марапаттарымен құттықтаймын", – деп жазды ол.
"Жер-жерде шүлен тарату басталды. Құдай-ау, не деген атақтар анау?! "Ерен еңбегі үшін", "Құрмет", "Парасат", "Даңқ". Қазақта сөлкебайға телінбеген сұмдық сөздер қалды ма екен өзі?! Жылына осы атақтарды бәлен жүз адам алады екен. Ала берсін. Бірақ мемлекет жағдайы сонша ерен еңбек жасалынғанға ұқсай ма?! – деп ашуланған еді ол.
Айта кетейік, Әлішер Каримов "Қазақстанның Халық әртісі" атағын алған еді.