«Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
22.05.2025, 18:10
2750
«Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) бейнежазбадан

Қатерлі ісікке шалдыққан журналистті емшілер сыртынан дуалаған деп айтқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Гүлмира Зербай алғаш рет ел алдына шығып, тележүргізуші әрі журналист Дана Нұржігітке ашық сұхбат берді. 

Гүлмира Зербайдың айтуынша, Бейсен Құранбек қатерлі ісікке шалдыққанын білгенімен, дәстүрлі ем-домнан, ауруханаға жатудан үзілді-кесілді бас тартқан. Оның сөзінше, сол кезеңде әртүрлі емші-балгерлер де дерттің себебіне қатысты түрлі болжамдар айтқан.

«Тәуіптер ішіне уайым түсіп кеткен дейтін, сыртынан оқытылған деді. Біраз уақыт жоғалтып алдық. Консервативті емге барайық дегенде өзі көнбей қойды. «Онкологиялық ауруханаға барғым келмейді, қайткен күнде де өзім жеңуім керек дейтін», - деді ол.

Марқұм журналист алғашында біраз уақыт бойы дәрі ішіп көрген. Алайда кейін толық тексеруден өтуден, онкологтарға қаралудан бас тартқан. Бір жылға жуық уақыт бойы дәрігерге мүлде бармаған.

«Мойындағысы келмеді ме, әлде әлсіз көрінгісі келмеді ме, білмеймін», - дейді жары туралы естелік айтқан Гүлмира Зербай.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды