Ұлттық ұланның ән-би ансамблі Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде көрермендердің жүрегін елжіретті

22.05.2025, 16:14
490
Ұлттық ұланның ән-би ансамблі Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде көрермендердің жүрегін елжіретті ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Астанада Қазақстанның халық әртісі, дара музыкант Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған кеш өтті. Іс-шараны ҚР Ішкі істерминистрлігіне қарасты Ұлттық ұланның ән-би ансамблі ұйымдастырды.

Бұл кеш тек музыкалық бағдарлама болумен шектелмеді, ол жастарға рухани-адамгершілік тәрбие берудің маңызды бөлігіне айналды. Зал іші сағыныш пен алғысқа толы ерекше естеліктерге бөленді. Әрбір орындау көрермен жүрегінен орын тапты. Кейбірі көзіне жас алды. Аяғынан тік тұрып қошемет көрсеткендер де аз болмады.

Ансамбльдің сүйемелдеуімен «Отан Ана», «Сағым дүние», «Джулия» секілді танымал әндер шырқалды. Әскери өнерпаздардың орындауында бұлтуындылар жаңа сипатқа ие болып, әсерлі, нәзік әрі шабытты естілді. Орындаудың шынайылығы мен эмоционалдық қуаты Батырхан шығармашылығының қарапайым ән ғана емес, халықтың мәдени жадындағықұнды мұра екенін тағы бір мәрте еске салды.

Кешке «Big Band» музыкалық тобының солистері мен республикалықжәне халықаралық байқаулардың лауреаттарыБауыржан Тұрғұмбаев, Нұрсұлтан Қарабалиев, Бауыржан Мақаев, Бауыржан Алтынбеков, АсхатӘмірғали, Денис Яковлев, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегеріЕрасыл Бозаев және басқа да талантты орындаушылар қатысты.

Бұл кеш тек музыкалық бағдарлама емес, жастарға рухани-адамгершілік тәрбие берудің маңызды бөлігі болды. Ол Батырхан Шүкеновтің мәдени мұрасының, отандық эстрада мен азаматтық-патриоттық өнерге қосқан үлесінің маңызын айқын көрсетті.

Көрермендердің пікірінше, еске алу кеші жоғары деңгейде өтті.  Өнерпаздар шынайы, кәсіби өнерін көрсетті және жүректерге жылы әсерқалдырды. Ұйымдастырушылар Батырханның болмысы мен шығармашылығына деген құрмет пен сүйіспеншілікті жеткізе білді. Оныңмузыкасы әлі де шабыт беріп, ұрпақтарды біріктіріп отыр.

Ұландықтар әскери мәдениеттің де адамның жан дүниесі мен ұлттық жадыны жеткізудегі нәзік әрі әсерлі тәсіл бола алатынын дәлелдеді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды