«Мешітте «охранник» болудан шаршадым»: Бұрынғы молда имамдық қызмет туралы бар шындықты айтты

Аиса Махамбет Редактор
19.08.2024, 20:32
794
«Мешітте «охранник» болудан шаршадым»: Бұрынғы молда имамдық қызмет туралы бар шындықты айтты stan.kz

Дем салуға 140 теңге бергенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық бұрынғы наиб имам Қанат Талғатұлы мешіттегі қызметі кезінде мардымсыз айлық алған. Жалақысы отбасын толыққанды асыруға жетпегендіктен, жиһаз саласына кеткен. Ол Stan.kz тілшісіне еліміздегі имамдардың мәртебесі төмендегенін және діни жоралғылардан азды-кем табыс алғанын айтты.

Бұрынғы наиб имам Қанат Талғатұлы мешітте қанша айлық алғанын және діни қызметтің жүйесін айтып берді.

"Әуелі, мешіттің жүйесін айтып өтейік. Мешітте жәшік болады. Елдің бәрі жұма намазға, Құрбан айт немесе басқа діни жоралғылар жасаған кезде жәшікке ақша тастап отырады. Сол тастаған ақшадан, ең бірінші, мешіттің су мен жарығына, жылу мен керек-жарақтарына өтеледі. Бұдан кейін ол жерде қанша қызметкер болса, марзымайтын 50-60 мың теңге көлемінде қаржы беріледі. Менің соңғы жұмыс істеген мешітімде айына 40 мың теңге шығатын. Бұл қаржы мешіттің ешнәрсесіне жетпейтін. Мысалы, 25 пен 30 мың теңгені жарыққа төлейтін едім. Қалған соманы халық шақыратын құдайы тамақ, жаназа секілді жерлерден алатынбыз. Осы нәрседен күн көрдік. Былайша айтқанда, жұмыс істедім, құдайы тамаққа бардым, қызмет еттім дегеннің өзінде 100 мың теңгеден аспайтын. Бұған күн көру мүмкін емес. Себебі бала-шаға өсіп келе жатыр, олардың балабақшасы бар. Пәтерақыны да төлеуге жетпейтін еді. Содан кейін амалсыздан имамдық қызметтен кетіп, қазір жиһаз саласында ұста болып жұмыс істеп жүрмін. Бұрын 100 мың теңге көлемінде айлық алсам, бүгінде 400 мың мен 500 мың теңге аралағында нәпақамызды тауып жатырмыз", – деп ағынан жарылды Қанат Талғатұлы.

Қанат Талғатұлы бұрын имам болып қызмет етіп жүрген кезінде діни жоралғыларға жас молдалардан гөрі бұл салада 30-40 жыл тәжірибесі бар, ел-жұрт танитындарды көбірек шақырып тұратынын атап өтті.

"Ешқандай танысы жоқ, жас маман болып келген имамдарды, әрине, шақырады. Алайда көп жағдайда тамырын тереңге жайған, 30-40 жылдық тәжірибесі бар мамандарды жиі шақырады. Мұндай имамдардың табысы да көбірек болады. 21 жасымда имамдық қызметке тағайындалып, 10 жылдай жұмыс істедім. Сол уақыт аралығында халықтан мұндай сома беріңіз деп сұраған емеспіз. Кез келген адам шақырады. Түнде хабарласқанына қарамай барған кездер де болды. Кейбіреуі жоралғыларға ризашылық айтып беріп жатса, енді бірінде, тіпті, бермейтін. Оларға ешқандай сөз айта алмайсың. Өйткені сенің қызметің діни қызмет болғандықтан, ақы талап ете алмайсың", – деді бұрынғы имам.

Бұдан бөлек ол діни жоралғыларды атқарған кезде қанша теңге алғанын айтып берді. 

"Бір күні мың теңге, келесіде 2 мың теңге тапқан кездер бар. Бұдан қалды айлап, апталап ақша таппаған сәттерде әрең күнелтетінбіз. Әсіресе, карантинде және одан кейінгі уақытта табыс көзі азайып кетті. Жаназадағы "Хатым Құраннан" 5 000, 10 000, 15 000 теңге, әрі кетсе 20 000 теңгеден артық алған емеспін. Дем салуға 2 000 теңге беретін. 140 теңге бергендер бар. Мұндай кезде бақсы-балгерлер адамға 7 тасты оқытып, дем салдырып кел деп жібереді. Әркім өзінің шама-шарқына қарай ақша беретін", – деді Қанат Талғатұлы.

Қанат Талғатұлы Шымкент, Тараз және Алматы облысы секілді аймақтарды имам қызметін атқарған. Ол барлық мешітте садақадан жиналатын жәшіктегі ақшаның 30%-ы мүфтиятқа (ҚМДБ) табысталатын айтты. Алайда жиналған қаржыдан имамдардың қосымша оқуларына қаражат бөлінбейді және киетін шапан пен сәлдені алуға өз қалтасынан шығарытын көрінеді. Сонымен қатар жұмыстан кетудегі басты себебін атады.

"Негізі Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы барлық ақшаны жинап, елдегі барлық имамдарға айлық ретінде бөліп беруі керек. Мысалы, арнайы жұмыс киімі деген болады. Қазір жиһаз цехында жұмыс істегендіктен, бұл жерде маған арнайы форманы өздері берді. Тіпті, мүфтият киетін шапан мен сәлдені алып бермейтін. Біз мүфтиятқа жәшіктің 30%-ын өткізетінбіз. Оқуға шақырады... Имамдардың оқу курсы бар, оған да төлеп кіресің. Бұдан бөлек жұмыстан кетуіме ішкі күйзеліс, қақтығыстар себеп болды. Себебі сені үйде бала-шағаң қашан табыс алып келеді деп күтіп отырады. Мешітте "охранник" болып шаршадым. Тәулік бойына мешіттесің, бес уақыт намазды дәл сол мезетте күтіп, оқып отыруың керек. Көптің алдында уағыз айтып отыру ауырға соқты. Кейде таң намазына сағат 03:30-да барып, келесі күні түнгі 23:00-де үйге барған сәттер де болды. Мұндай кезде қатты қиналып кететінмін. Ал қалада оңайырақ. Мұнда 5-6 имам ауысып отырады", – деп қынжылды бұрынғы имам. 

Бұдан бөлек ол имамдардың қоғамда ұстаз және мәртебелі қызметі, лауазымы болғанын қалайды.

Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты «Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО) «3 бастық жабылып ұрып-соғып, жала жапқан»: түрме қызметкеріне бастықтары қорлық көрсетіп келген (ВИДЕО) Біз сенген басшылар инфляцияны қалай тежемек?