Оңтүстік Корея барлау қызметі Солтүстік Кореяның Ресейге әскер жіберіп жатқанын әшкереледі

Аиса Махамбет Редактор
19.10.2024, 16:15
1499
Оңтүстік Корея барлау қызметі Солтүстік Кореяның Ресейге әскер жіберіп жатқанын әшкереледі Yonhap News Agency

Ресей полигондарына жалған құжат пен орыс формасы бар сарбаздар жіберілген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Оңтүстік Кореяның барлау қызметі Солтүстік Кореяның Украинамен соғысқа қатысу үшін Ресейге алғашқы сарбаздар партиясын жібергенін мәлімдеді. Аталған жайт туралы ВВС басылымы жеткізді. 

Қиыр Шығыстағы ресейлік полигондарда (Владивосток, Уссурийск, Хабаровск, Благовещенск) 1500 сарбаз барған. Оларға орыс формасы мен жалған құжаттар берілген.

Украина президенті Владимир Зеленский бұған дейін Солтүстік Кореяның 10 мың әскерінің соғысқа қатысуы мүмкін екенін айтқан болатын. Ал дереккөздер 12 мың деп көрсетуде.

Украин барлау қызметі 11 мыңға жуық жаяу әскер Ресейдің шығысында дайындықтан өтіп, 1 қарашаға дейін дайын болуы мүмкін екенін жеткізді. 2600 әскерден тұратын алғашқы отряд Курск облысына жіберілуі мүмкін.

Сонымен қатар, КХДР зымыран офицерлері Ресейге майданда Солтүстік Корея зымырандарын қолдануға көмектесуде.

Оңтүстік Корея барлау қызметі Солтүстік Кореяның арнайы күштерінің Ресейге қоныс аударуын, сондай-ақ КХДР-дан әскер тасымалдайтын ресейлік кемелердің қозғалысын растайтын спутниктік суреттерді жариялады.

Бұған дейін Оңтүстік Корея мен АҚШ шенеуніктері Солтүстік Корея Ресейге баллистикалық зымырандар мен оқ-дәрілерді жеткізеді деп мәлімдеген болатын.

Алайда бұл ақпаратты Мәскеу мен Пхеньян растамай отыр. Алайда, NIS тамыз айынан бастап КХДР Ресейге 8 миллионға дейін снарядты қоса алғанда 13 мың қару контейнерін жібергенін мәлімдеді. 

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель барлау, армия және қауіпсіздік қызметтерімен кездесу өткізіп, Ресей мен Солтүстік Кореяның тығыз байланысын халықаралық қауымдастыққа қауіптілігін талқылады.

Ресей болса Солтүстік Корея әскери күштерін тартуға дайын екендігі туралы хабарламаларды жоққа шығарады. Алайда, өткен жылы КХДР мен Ресей арасындағы әскери байланыстар айтарлықтай нығайды. Маусым айында Путин мен Ким Чен Ын өзара қорғанысты қамтитын стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды.

Осы аптада Путин әскери келісімді ратификациялауды ұсынды. Оған сәйкес елдер "агрессия" жағдайында бір-біріне көмектесуге міндеттеледі.

Кейбір сарапшылар ынтымақтастықтың тиімділігіне күмәнданып, тілдік тосқауыл мен солтүстік кореялықтардың нақты тәжірибесінің жоқтығын атап өтті. Олар КХДР шекараның бөліктерін ғана қорғап, алдыңғы шепке Ресей әскерлерін жібреді деп санайды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды