«Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
21 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК 21 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Антициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
— Тек батыс және солтүстік өңірлерде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр, найзағай, бұршақ, солтүстікте — шаңды дауыл, батыс пен солтүстікте — желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстікте — шаңды дауыл, шығыста — түнгі және таңғы уақытта тұман болады, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, синоптиктер өрт қауіптілігінің жоғары деңгейі күтілетін өңірлерді атады:
Маңғыстау облысының батысында,
Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі,
Түркістан облысының оңтүстігі,
Қарағанды облысының шығысында,
Павлодар облысында,
Қостанай облысының орталығында,
Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстігінде,
Атырау облысының батысы, солтүстік-шығысы мен шығысында,
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында,
Алматы облысының батысы мен орталығында,
Абай облысының оңтүстік-шығысында,
Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында.
Өте жоғары — төтенше өрт қаупі күтілетін өңірлер мыналар:
Қызылорда облысы,
Түркістан облысының солтүстігі, шөлді және таулы аймақтары,
Жамбыл облысының батысы мен шығысы,
Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысы,
Атырау облысының оңтүстігі,
Қостанай облысының оңтүстігі,
Алматы облысының солтүстігі,
Ақмола облысының батысы,
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігі,
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысы,
Жетісу облысы,
Абай облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігі,
Ұлытау облысының оңтүстігі, шығысы және орталығы.
Материал авторы