«Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр

Азиз Қалижан Редактор
21.05.2025, 14:52
1672
«Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр бейнежазбадан

Тергеушілер бір адам мойнына алмаса топ болып кетесіңдер деген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шерзат ісі бойынша айыпталушылардың бірі Абзал Шынасыл сотта берген жауабында тағылған айыптарды жартылай мойындайтынын айтты.

"Сіз басында Шерзат туралы ешнәрсе айтпағансыз, істің 16-томынан бастап сіздің жауабыңызда пышақты мен Шерзатқа салып алдым" деген сөзіңіз бар. Соған не айтасыз?", - деп сұрақ қойды қорғаушы айыпталушыға

Бұған сотталушы түсініктеме берді.

"Құрметті сот, мойныма алған себебім – бізді Талғар қаласында полиция басқармасында тергеушілер "бұны бір адам істеді, бір адам мойнына алмаса, бәріңе қиын болады, топ болып кетесіңдер" деді.

Сонымен бізді Қонаев қаласына этаппен алып кететін болды, алып бара жатқан кезде газельдің ішінде Сакиев Равиль, Белғожаев Шыңғыс, Тоқтаубаев Азамат төртеуміз болдық. Сол кезде Сәкиев Равиль "Бір адам істеді, сол адам мойындасын, мойындамасақ бәрімізге қиын болады" деді. Менде пышақ болғандықтан өзімді қылмыс жасап жасырған болмайын деп іштей ойлап, алсам мен мойныма ала салайын дедім.

Бәріміз изоляторға келіп, басымыз қосылды, сол кезде сөйлесіп үлгеріп қалдық. Тоқтаубаев Нұрбол: "Абзал, сенде пышақ болды ғой" деді. Мен көп ойланған жоқпын. Мен Шерзатты мойныма аламын дедім. Бірақ Нұрқанаттың жамбасына сұққан пышақты Шыңғыс мойнына алатын болып шештік. Сөйтіп келіскен едік. Сосын бізді Қонаев қаласындағы полиция департаментіне алып кетті. Сол жерде келіскеніміз бойынша солай айттық. Тергеушіге де сөйтіп айттым", - деп жауап берді айыпталушы Абзал Шынасыл.

Кейін айыпталушы оқиғаға қатысты екі пышақ алынғанын естіген.

"Екі пышақ алынды деп Қонаевта тергеушілерден естідім. Мен оған қатты сенген жоқпын. Пышақ менде ғана болды, кірсе менікі кіріп кеткен шығар деп ойладым", - деді сотталушы.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды