1084

Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген

Жарақат алған полицей дереу ауруханаға жеткізілген.

Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген
Upl.uz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 19 мамыр күні шамамен 18:30-да Ташкенттегі Юнусабад диқандар базарында полицейге шабуыл жасалды. Бұл туралы Өзбекстан құқық қорғау органдары мәлімдеді.

Ресми мәліметке сәйкес, 1963 жылы туған Жизақ облысының тұрғыны күдікті әрекеті үшін полиция қызметкері тарапынан тоқтатылған. Құжат тексеру кезінде ер адам пышақпен шабуыл жасап, тәртіп сақшысының мойнына жарақат салған.

Жарақат алған полицей дереу ауруханаға жеткізілді. Шабуыл жасаған күдікті сол жерде ұсталды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ұсталған азамат 2005 жылдан бері психиатриялық диспансерде есепте тұрған.

Аталған оқиға бойынша Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 97-бабы 25-бөлігі (қасақана адам өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор