Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр

21.05.2025, 14:04
975
Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр бейнежазбадан

Нұрқанат пен басты айыпталушы Абзал Шынасыл арасындағы беттестіру кезіндегі бейнежазба көрсетілді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылдың 21 мамырында Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың қазасына қатысты басты сот отырыстары жалғасты.

Сотта марқұм Нұрқанат Ғайыпбаев пен басты айыпталушы Абзал Шынасыл арасындағы беттестіру кезінде жазылған бейнежазба көрсетілді. Онда Ғайыпбаев болған оқиғаны егжей-тегжейлі баяндап, Шынасылдың әрекеттерін сипаттап берді.

"Мен оны бұрын танымайтынмын. Төбелес кезінде ғана көрдім. Ол менің жиенімді өлтірді. Абзал, Нұрқияс, Равиль, Шыңғыс және екі қыз дүкенге бірге келді. Олар жанжалға алдын ала дайындалып келген сияқты. Нұрқияс Ахметті ұстап тұрғанда, екіншісі оны ұрып жатты. Мен Ахметті арашалап алмақ болдым, сол кезде төбелес басталып кетті. Бес адам – Равиль, Нұрқияс, Азамат, Абзал және Нұрбол маған қарай бет алды. Абзал қолына пышақ алып, бұлғап, курткамды тіліп өтті. Осы кезде Шерзат бізге қарай жүгіріп келді. Сол сәтте Абзал оны бірінші болып пышақтады. Мен тоқтауды сұрадым. Шерзатқа жақындап, оны құшақтап алдым. Ол 'мені пышақтады' деді. Аузынан қан кетіп жатты. Халі ауыр еді. Мен жедел жәрдем шақыруды өтіндім, бірақ ешкім тыңдамады. Нұрқиястың қолында мылтық, Абзалдың қолында пышақ болды. Бізге қарай 7-8 адам келе жатты. Олар бізді өлтіреді деп ойладым. Шерзатқа жақындап, оны қорғауға тырыстым. Біреу тебіп, біреу ұрып жатты. Артымнан Абзал пышақпен ұрды, артынан Равиль де пышақтады. Кейін Шерзатты тағы пышақтап жатқанын көрдім. Одан соң есімнен танып қалдым", – деді марқұмның ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев.

Сол күні сотта кісі өлтірді деген жалғыз айып бойынша жауап беріп жатқан Абзал Шынасыл да түсініктеме берді. Ол Шерзатты үш рет пышақтағанын мойындады, алайда Нұрқанат Ғайыпбаевты мүлде көрмегенін айтты.

Сотта айтылған қарама-қайшы мәліметтер мен түсініксіз жайттар істің айналасындағы күмәнді күшейте түсті.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды