Перизат Қайраттың кесірі тиді ме: Еріктілер автобуста садақа жәшігіне ақша түспейтінін айтты

09.12.2024, 13:03
2565
Перизат Қайраттың кесірі тиді ме: Еріктілер автобуста садақа жәшігіне ақша түспейтінін айтты SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Перизат Қайрат туралы жағымсыз ақпарат тарағаннан бері жұртшылықтың қайырымдылық қорларына деген сеніміне селкеу түскені жасырын емес. Әйтпесе, қорадағы соңғы малын сойып беретін жомарт, жанашыр халық емес пе едік? Алысқа бармай-ақ, Астанада автобусқа жәшікпен кіріп, баланың ем-домына қаражат жинайтын еріктілер тұрғындардың ала көзбен қарай бастағанын растап отыр.

Есімін атамауды өтінген жас жігіт бос уақытында қайырымдылық қорының жұмысына атсалысып, шағын садақа жәшігімен автобустарда ауру балалардың еміне қаржы жинайды екен.

«Соңғы уақытта кейбір автобус жүргізушісі салонға кіруге рұқсат бермейді. «Қазақ тілін білмесең, кірмейсің!» дейтіндер де бар. Енді бірі «ақша шынымен де діттеген жерге жете ме?» деп сұрайды. Байқағаным, соңғы кезде тұрғындар жәшікке ақша аз салатын болды. Оның өзінде 10, 20 теңге береді. Әрине, мәселе ниетте, сауаптан болсын. Салыстырмалы түрде алсақ, осыдан 1-2 ай бұрын кем дегенде 50, 100 теңге, тіпті қағаз ақшамен салатындар көп еді. Қазір жолаушылар ұялы телефондарына үңіліп кетіп, хабарламаны тыңдауға да құлшыныс танытпайды», - дейді ол.

Аялдамада Мәриям есімді жолаушыны әңгімеге тартқанымызда ол ауырған адамды, көмекке шын мұқтаж жанды көзбен көрмейінше садақа бермейтінін айтты.

«Менің ұстанымым сондай. Өмір үйретті. Мың теңгеге қайыршы болып қалмаймыз ғой деп, садақа бересің. Қорларға аударасың. Кейін халықтан жиналған қаржының орта жолда жымқырылғанын көріп, жағаңды ұстайсың. Өткенде ғана анау жас қыздың (Перизат Қайрат – ред) жағымсыз тірлігін көріп, халық енді қорға ақша аударады дейсіз бе? Онсыз да айлығы шайлығына жетпейтін сорлы халық. Садақа берсем, жолым ашылады деп ниеттенеді. Ал, ол ақшаны алаяқтар жоқ қылады», - күйінді зейнеткер.

Дүкенде тұратын шағын садақа жәшіктеріне де ақша түспейтін болған. Сатушылар кейде аптасына 1-2 рет ақша салынатынын айтады. Біздің мысал келтіргеніміз, шағын садақа жәшіктері ғана. Оған қаржы түспей жатқанда қорларға тұрғындар ақша аударып жатыр деп ойлайсыз ба? Бұған Перизат Қайраттың әккі әрекеті әсер етті ме екен? Ал, сіз соңғы рет қашан садақа бердіңіз?

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды