Назарбаев университеті қызметінің басымдықтары белгіленді

Балкис Изтаева Редактор
04.03.2023, 18:31
610
Назарбаев университеті қызметінің басымдықтары белгіленді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Назарбаев университеті» Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысын өткізді.

Жиында ұйым қызметінің өткен жылғы қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары қаралды.

Кеңесте университеттің ғылыми қызметті кеңейтуді жалғастырып жатқаны, атап айтқанда, соңғы бірнеше жылда ғылыми-зерттеу жобаларының саны 146-дан 366-ға дейін өскені атап өтілді. Сонымен қатар ЖОО тақырыптық конференциялар мен кәсіби даму бағдарламалары арқылы өз тәжірибесін республиканың басқа жоғары оқу орындарына беру бойынша жұмыс жүргізеді.

Назарбаев университетінің тағы бір ауқымды жобасы ондағы Медицина мектебінің Астана фармацевтикалық кластерін дамытуға қатысуы болып отыр, бұл Мемлекет басшысының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар нарығындағы отандық өндірушілердің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде іске асырылуда. Сонымен қатар UMC университеттік медициналық орталығының базасында бірқатар күрделі хирургиялық операциялар жүргізіліп келеді, олардың кейбіреулері Қазақстанда алғаш рет жүзеге асырылып отыр.

Үкімет басшысына инновацияларды дамыту және ғылымды өндіріске енгізу бөлігіндегі ЖОО қызметі туралы баяндалды. Мәселен, 2022 жылы университет ғалымдары патенттер, коммерцияландыруға халықаралық гранттар жеңіп алды. Мысалы, аутизмге қарсы күресте роботтарды пайдалану жобасы республиканың 22 оңалту орталығында жүзеге асырылды.

Премьер-Министр ЖОО-ға ғылыми-зерттеу қызметін, оны коммерцияландыруды одан әрі нығайту қажет екенін, сондықтан отандық қолданбалы әзірлемелер әртүрлі салаларда жиі қолданылатынын атап өтті.

«Жалпы, университеттің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының және ғылыми зерттеулерді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасының көрсеткіштерін зерделеп, қажет болған жағдайда өзектендіру қажет», – деді Әлихан Смайылов.

Отырыста студенттер мен ЖОО түлектерінің кейбір жетістіктері туралы баяндама ұсынылды. Атап айтқанда, синтетикалық биология бойынша жыл сайынғы iGEM дүниежүзілік конкурсында NU iGEM командасының жоғары нәтижелері, жетекші әлемдік журналдарда ғылыми мақалалар жариялау, сондай-ақ тәжірибе алмасуға және бүкіл Қазақстан бойынша жас зерттеушілер желісін құруға бағытталған «Университет көпірі» атты студенттік бастамасын іске асыру туралы сөз болды.

Сонымен қатар кеңеске қатысушылар бірқатар ұйымдастыру мәселелерін және инвестициялық-құрылыс жобаларын іске асыруды талқылады. Премьер-Министрге университеттің жасанды интеллект мектебі ретінде пайдаланылатын Алматы қаласындағы әкімшілік ғимаратын қайта құру жобасы, студенттік жатақханалардағы орындарды ұлғайту жоспарлары және басқа да бастамалар таныстырылды.

Ресейде теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды «Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО)