«Халықты қорғайтын уақыт келді ғой»: Ринат Зайытов банктер несиені өзі жапсын деп талап қойды

12.02.2025, 14:16
922
«Халықты қорғайтын уақыт келді ғой»: Ринат Зайытов банктер несиені өзі жапсын деп талап қойды parlam.kz

Депутат алаяқтар мен банктердің кесірінен қарызға батқан халықты қорғауға шақырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов онлайн алаяқтық мәселесін көтерді. Депутат бас прокурор Берік Асыловқа жолдаған сауалында қазақстандықтардың шотындағы ақшасынан айырылып қана қоймай, сырттай несие рәсімделіп жатқанын, тіпті бұл істерде банк өкілдерінің қатысы барын алға тартты.

Жазықсыз жем болған жандардың жағдайын ұғып жатқан Үкімет те, банктер де көрінбейді. Ал көптеген алаяқтық жасау фактілерінде не банк, не жергілікті орган өкілдерінің қатысуымен болғаны дәлелденген. Мысалы, Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкері мүгедектігі бар, зейнеттегі жиыны 90 адамның шотындағы ақшаны жымқырған, Талдықорған, Астана, Алматы қалаларында да банк қызметкерлерінің азаматтардың жеке мәліметіне қол жеткізуге көмектескені жөнінде фактілер анықталған, - деді ол.

Мәжілісменнің сөзінше, республика көлемінде биылғы қаңтар, ақпан айларының өзінде ғана кибералаяқтықпен банк қызметкерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексiнің 250-бабы (Өкiлеттiктердi терiс пайдалану) бойынша – 15 іс, ал ҚР Қылмыстық кодексiнің 254-бабы (Мiндеттерiне адал қарамау) бойынша 17 іс қозғалған.

Бір түсініксізі бұл киберқылмыстан қорғауға, азаматтардың шоттарының қауіпсіздігін сақтауға міндетті банктерге ешқандай жауапкершілік жүктелмеген. Осы әділетті ме? Біз олай ойламаймыз. Ақылға салсақ, алаяққа жем болып, банкке сақтаған ақшасынан айырылып, мойнына жоқ жерден несие жүктеліп, жығылған жандарға жұдырық болып банктер олардың шоттарын да бұғаттайды. Бұл халыққа жасалған орынсыз қиянат қой, - деді Зайытов.

Осы орайда Ринат Зайытов мемлекеттен миллиардтап қайтарымсыз қаржы алатын, алайда өз қателіктеріне жауап беруден жалтаратын қайырымсыз банктер қашанға дейін тайраңдайтынын сұрады.

Нақақтан нақақ қарызға батқан халықты қорғайтын уақыт келді ғой. Ата заңымыз бойынша мемлекеттің басты байлығы банк емес, «Халық» екенін есіңізге салайын, - деп қосты ол.

Мәжілісмен келтірілген дәлелдерді назарға ала отырып өз ұсынысын да жасады.

Екінші деңгейлік банктер кибералаяқтардың қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардың банктік шоттарын бұғаттан шығаруды және де бұл санаттағы адамдардың шоттарын бұғаттауға тыйым салу шараларын қарастыруды; Шоттарындағы қаржының сақталуына жауапты банктер болғандықтан, кибералаяқтықтан келген зардап пен барлық шығынды банктер өз тарапынан өтеу міндетін жүктеуді ұсынамыз, - деді Зайытов.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды