"Пайызсыз несиені" уәде еткен кооператив құрылтайшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

07.03.2023, 20:51
517
"Пайызсыз несиені" уәде еткен кооператив құрылтайшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

"Пайызсыз баспана береміз" деп салымшыларын сан соқтырған "ЖК Otau kz" кооперативінің құрылтайшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оларға сеніп, жер сипап қалғандардың саны шамамен 500-ден асады. Ең азы - 1 миллион теңге, ең көбі 12 миллион теңге аударған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Пәтер алатын уақыт келгенде кооператив кеңселерін тарс жауып ізім-ғайым жоқ болған. Ақыр аяғында жұрт баспанасыз әрі қаражатсыз қалған. Талғат Кенжеғұловтың өз баспанасы жоқ. Осыдан төрт жыл бұрын үйлі боламын ау деген мақсатпен "ЖК Otau kz" тұтыну кооперативіне 2 миллион 600 мың теңге құйыпты. Алайда келісілеген уақыт әлдеқашан өтіп кетсе де, әлі күнге дейін тиісті баспанасына қол жеткізе алмай жүр, делінген КТК телеарнасының арнайы сюжетінде.

"Ашылып жатыр" деген соң ақша салдым. Астанада филиалы болған. Енді ақша да жоқ, үй де жоқ. "Қазығы қағылып жатыр, дайындала беріңдер, орын қазылып жатыр" деген еді. Түк те жоқ. Төрт жыл болды. Әлі пәтер жалдап жүрмін", - деді Астана тұрғыны Талғат Кенжеғұлов.

Алданған 500-ден астам салымшы компанияның жер жарған жарнамасына сеніп, келісімшарт жасасыпты. Таңдаған баспанасының құнына байланысты алғашқы жарнасын беріп, ай сайын тағы 50-60 мың теңгеден тағы құйып келген.

"Келісімшартта "18 айдан кейін пәтер беріледі" деп жазылған. Сол уақытқа дейін тағы ай сайын ақша құйып отырдық. Бір жарым жыл өткеннен кейін пандемия деді. Тағы екі жыл күттім. Үй әлі жоқ. Қазір арыз жаздым", - Алматы тұрғыны Гүлнар Тұрлыбекова.

Полицейлер аталмыш кооперативке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Екі күдікті құрықталыпты.

"Мамандандырылған тергеу сотының қаулысына сәйкес, бір фигуранттың бұлтартпау шарасы үйқамаққа және екіншісінің бұлтартпау шарасы кепіл түріндегі бұлтартпау шарасына өзгертілген. Тергеу жүргізіліп жатыр", - Шымкент экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Руслан Данаев

Осылайша салымшылардың қоныс тойын тойлау арманы көзден бұлбұл ұшқан. Жұрттың ендігі көздегені кооператив басшылары қатаң жазаға тартылып, салған ақшасын толық қайтарып алу. Соңғы кезі халықты алдайтын қаржы пирамидасы болсын, кооператив болсын жиілеп кеткені рас. Осы уақытқа дейін салымшыларын сан соқтырған компаниялардың арты сан мәрте ашылса да, алданып қалатындар қатары түсінбейтіндер азаймай тұр.

«Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті