Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Путинді тұтқындауға ордер берді

18.03.2023, 09:20
663
Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Путинді тұтқындауға ордер берді

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путинді тұтқындауға ордер берді. Бұл хабар соттың ресми сайтында жарық көрді. Путинмен қоса, Ресейдің бала құқықтары жөніндегі уәкілетті өкілі Мария Львова-Белованы да тұтқындауға пәрмен берілген.

Халықаралық қылмыстық сот екеуіне де Украинаның оккупацияланған аймағынан халықты, соның ішінде балаларды күштеп көшіріп, әскери қылмыс жасады деп айыптаған. Халықаралық құқықта бұл геноцид деп танылуы мүмкін.

Ресей бұл соттың юрисдикциясын мойындамайды. Мәскеу 2016 жылдан бері соттың әрекетін анықтайтын Рим статутына қатыспайды. Ал сот әскери қылмыс жасады деп айыпталып жатқан мемлекет басшыларының иммунитетін мойындамайды.

"Ресей Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутының мүшесі емес, ол бойынша міндеттемелері жоқ. Ресей бұл органмен әріптес емес, ал Халықаралық қылмыстық сот берді деген тұтқындау туралы әлдебір "рецепттің" біз үшін құқықтық салмағы жоқ" деді Ресей сыртқы істер министрінің ресми өкілі Мария Захарова.

Львова-Белованың өзі Ресей "балаларды майдан алаңында қалдырмай, қамқор болып", "оларға жақсы жағдай жасап жатқанын" айтты. "Барлық елдің санкциясы болды, тіпті Жапония да маған санкция салды, енді тұтқындауға ордер беріпті, әрі қарай не береді екен, көрейік" деді ол Ресейдің РБК сайтына.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды