Қазақстанның ақылы жолдарында жылдамдықты бақылау камералары орнатылады

28.03.2023, 17:45
796
Қазақстанның ақылы жолдарында жылдамдықты бақылау камералары орнатылады Zakon.kz

ҚР Индустрия министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков ведомствоның еліміздегі барлық ақылы жолдарды жылдамдықты бақылау камераларымен жабдықтау жоспары туралы айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ведомство өкілінің айтуынша, республикалық маңызы бар жолдарда жүріп келе жатқан көліктердің жылдамдығын түсіретін бейнекамералар орнатыла бастаған. Негізінен ақылы жолдарда.

"Бүгінде бізде 2200 шақырым ғана ақылы жол бар. Енді осы камераларды жылдамдықты өлшеу үшін пайдалануды жоспарлап отырмыз. Біз оларды Ішкі істер министрлігімен байланыстырғымыз келеді. Камера жүргізушінің жылдамдығын көрсетеді. Бүгінде Астана – Бурабай тас жолындағы осындай камералар жылдамдықты асырғандарды тіркеп жатыр. Жүргізушілерге айыппұл түсіп үлгерді", - деді Амангелді Беков. 

Ол жоба аясында 25 мың шақырым жолдың 11 мыңын ақылы ету жоспарланғанын еске салды. Демек сол 11 мың шақырым жолда бейнекамералар болады. Республикалық тас жолдарды бейнебақылаумен жабдықтау 2030 жылға дейін жалғасады.

"Жол-көлік оқиғасының басты себебі - жол жүру жылдамдығын сақтамау. Өздеріңіз білетіндей, Астана-Бурабай тас жолында барлық камера жұмыс істейді. Онда жылдамдық сағатына 140 шақырымнан аспайды. Бірақ жолаушылар 180 және 200 шақырымнан асыра жүреді. Екінші санатқа рұқсат етілген жылдамдық – сағатына 100 км-ден аспайды. Бірақ олар сағатына 120, 140, тіпті 150 км-ге дейін жетеді. Сондықтан бұл камералар жылдамдықтың сақталуын бақылайды", - Амангелді Беков

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді