Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға жеңілдетілген несие беріледі

04.04.2023, 10:28
523
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға жеңілдетілген несие беріледі Smartnews.kz

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру тетіктері іске асады. Толығырақ Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев айтып берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Биыл жыл басында тұрақтандыру қорларының жұмысы қайта форматталды. Осылайша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тежеудің үш кезеңдік жүйесі енгізілді. Бұл жерде тұрақтандыру қоры арқылы фермерлерге күзгі және ерте пісетін көкөністерді белгіленген бағамен жеткізуге алдын ала аванс беріледі. Бұл маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының өсімін реттеуге әсер етеді. Қазір өңірлер көкөністі өткен жылы жасалған келісімшарт негізінде белгіленген бағамен сатып жатыр. Сонымен қатар, биыл тауар өндірушілермен көкөніс жеткізуге форвардтық шарттар жасасу бойынша жұмыс жүріп жатыр», - деді Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында.

Оның мәліметінше, бүгінде арзандатылған астықты сату бойынша мемлекеттік қолдау тетігі жеке пысықталды.

«Бұл тек ұн өнімдері бойынша ғана емес, сонымен қатар төрт түлік малды жем-шөппен қамту арқылы мал шаруашылығы өнімдері бағасының өсуін ұстап тұруға мүмкіндік береді. Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру тетіктері іске асады. Жаңа тәсіл бойынша өңір әкімдіктері жергілікті бюджеттен шамамен 125 млрд теңге қарастырып отыр. Оның ішінде жеңілдікпен несие беруге 99 млрд теңге және тауар өндірушілерден тікелей сатып алуға 26 млрд теңге көзделген», - дейді ол.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды