Мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп-шығуына жағдай жасамаған мекемелер ₸60 млн айыппұл төледі

10.04.2023, 09:30
699
Мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп-шығуына жағдай жасамаған мекемелер ₸60 млн айыппұл төледі Smartnews.kz

2022 жылы түрлі ұйымдар мүгедектігі бар адамдардың кіріп-шығуына жағдай жасамағаны үшін 60 млн теңгеден астам айыппұл төледі, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

2022 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Еңбекмині еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттерінің мамандары мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бақылау жүргізу шеңберінде мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік және басқа салалардағы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне 1062 тексеру жүргізді.

Олардың қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 900-ден астам ұйғарым берілді, жалпы 60 млн теңгеден астам сомаға 300-ге жуық әкімшілік айыппұл салынды.

Бұзушылықтардың ең көбі - Түркістан (бұзушылықтардың жалпы санының 23%), Қостанай облыстарында (22%) және Алматы қаласында (7%).

Бұзушылықтардың негізгі бөлігі - жеке кәсіпкерлік және 2015 жылға дейін пайдалануға берілген объектілер.

Жергілікті жерлерде объектілерді бейімдеу және осы ақпараттың қолжетімділігі жөніндегі шараларды мониторингтеу үшін мүгедектігі бар адамдарға «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» порталы жұмыс істейді.

Порталдағы деректерді жергілікті атқарушы органдар толтырады.

Мүгедектігі бар адамдар белгілі бір объектіге барар алдында, үйден шықпай (компьютерден немесе телефоннан) оның бейімделу дәрежесін көре алады, сондай-ақ кейіннен қол жетімділікке баға бере алады.

Парламент Сенаты қабылдаған Әлеуметтік кодексте «әлеуметтік инспектор» ұғымы енгізілді, ол Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ҚР-дағы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы бақылау функцияларын іске асырады.

Бұл функциялар еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департамент қызметкерлеріне берілді.

Өңірлік деңгейде аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары бекіткен мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі 227 мониторингтік топ құрылды, оның құрамына 1630 адам кірді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді