Заң жобасы қазақ тілінде талқыланып, қабылдануы керек – Мәжіліс депутаты

12.04.2023, 18:36
819
Заң жобасы қазақ тілінде талқыланып, қабылдануы керек – Мәжіліс депутаты akorda.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Үнзила Шапақ заң жобаларының орыс тілінде әзірленіп, қазақ тіліне аударылатынын сынға алды. Заң жобалары бірінші кезекте мемлекеттік тілде әзірленуі тиіс, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде 3589 заң қабылданды. 30 жылдың ішінде қазақ тілі мемлекеттік тіл болғанымен, заты мемлекеттік бола алмады. Заң жобасы орыс тілінде әзірленіп, қазақ тіліне аударылатыны жасырын емес. Осы күнге дейін қазақ тілінде тек екі заң жобасы әзірленіп, қабылданған. Атап айтсақ, Тілдер туралы, Көші-қон туралы заңдар ғана. Заңның қазақ тіліндегі мәтініне қатысты сын-пікірлер халық арасында өте көп. Соның бірі заң термині бірізділігінің сақталмауы. Мемлекеттік тілдің аясындағы кешенді проблемалар қазақстандық құқық жүйесі кеңістігінде бір-бірімен сабақтасып, ұштасып соның салдарынан түйткілді мәселелер бар. Қазақ және орыс тілдері құрылымы тұрғысынан әртүрлі тілдік топтарға жатады. Заң шығару процесінде осы ерекшеліктер ескерілмесе, мәтіндердің мағыналары бұрмаланып, мәні өзгереді. Бұл жоғарыда аталған сөзбе-сөз немесе калька аударманың әсері. Бұндай кемшілікке жол беруге әсте болмайды», - деді Ү. Шапақ Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгіновтың атына жолдаған сауалында.

Осы орайда ол бірінші кезекте заң жобасы қазақ тілінде талқыланып, қабылдануы керек екенін айтты.

«Қазақ тіліндегі терминқорды қалыптастыруда орын алып жатқан кемшіліктерді уақтылы түзетіп, термин шығармашылығын үздіксіз дамытып, жетілдіріп, терминологиялық жұмыстарды бір орталықтан үйлестіріп, кәсіптік деңгейде жүргізгенде ғана жүйеленген ұлттық терминологиялық қор қалыптасатыны ақиқат. Бүгінде қазақ тілі терминдерінің бірыңғай электрондық базасында 380 мыңнан аса термин орналастырылған болса, оның ішінде заңтану саласында 11 139 термин бекітілген. Сол терминдердің өзі жиі өзгеріске ұшырайды», - деді депутат.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды