Қарағандылықтар енді автобустарда электронды кітап оқи алады

23.04.2023, 19:57
488
Қарағандылықтар енді автобустарда электронды кітап оқи алады

Қарағандының 60 автобусында электронды кітап оқу мүмкіндігі пайда болды.

Бүгінгі таңда электронды кітапханалар 22 қоғамдық көлікте жабдықталған.

Кітап оқу үшін жолаушылардың смартфондары интернетке қосулы болса жеткілікті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Автобустардағы электронды кітапхана қалалық әкімдіктің қолдауымен «Жол үстіндегі кітапхана» жобасы аясында жабдықталған. Әзірге QR кодтары бойынша кітап оқу опциясы алты бағыттағы 22 автобуста қол жетімді – 65, 5, 1, 70, 43, 118. Қазақ, орыс және шетел әдебиеттерінің туындыларымен танысу үшін жолаушыларға автобус салонының орталық бөлігіндегі стикерлерде орналастырылған QR-кодты сканерлеу жеткілікті.

«Жылжымалы кітапхана көркем әдебиетті оқуды насихаттау үшін жабдықталған. Қазақ, орыс және шетелдік классика секілді үш бөлімнен тұратын кітапты таңдау үшін жолаушы сілтеме бойынша өту керек. Шығармалардың ішінен М. Әуезовтің «Көксерек», А. Құнанбайұлының «Ескендір», А. С. Пушкиннің ертегілері, Артур Конан Дойльдің «Жоғалған әлем» және басқа да кітаптарды таңдауға болады. Жобаға бағыттары ұзақ және жолаушылар ағыны мол маршруттар тартылды», – дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жақын арада электронды кітапханалар 13 маршруттағы 60 қалалық автобуста болады. Нөмірі 65, 5, 1, 70, 43, 118-ден басқа, қосымша 40, 53, 33, 146, 56, 41, 19 автобустарда бар. Кітапхананың цифрлық мұрағатында барлығы 41 туынды бар. Оның ішінде 21 – қазақ классикасы, 14 – шетелдік және 6 – орыс классикасы.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады