Елдегі құжат айналымында «бай адам» деген сөз тіркесі жоқ

27.04.2023, 14:16
810
Елдегі құжат айналымында «бай адам» деген сөз тіркесі жоқ smartnews.kz

Сөз арасында әр түсінікті өзінің төл атымен атап қолданған дұрыс емес пе?

Парламент Мәжілісінің дәлізінде кезіккен Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтан сұхбат алған журналистер елімізде «бай адам» деген ұғым енгізіле ме деген тұрғыда сұрақ қойыпты. Себебі елдегі құжат айналымында «бай адам» деген сөз тіркесі кездеспейді. Бұған министрдің жауабы екіұштылау болып шықты. Журналистер Қаржы министрінің жаңа Салық кодексінің жобасына «бай адам» ұғымын енгізу мүмкіндігін жоққа шығармағанын айтады. Олар министрден мұның қалай жүзеге асырылатынын да сұраған.

Былай қарасаңыз, мемлекет тізгінінің төңірегінде отырғандар қазақтың «бай» деген төл сөзінен қашқақтайтын сияқты. Байларға салынатын арнайы салық түрінің аталуы «сән-салтанат салығы» деп қолданылады. Сол сияқты, кедей деген сөзді де мүмкіндігінше айналып өтуге тырысатындары байқалады. Оның орнына ресми тілдің айналымында «тұрмысы төмен отбасы» немесе «әлеуметтік әлсіз топ» деп қолданылды. Мемлекет байды – бай, ал кедейді – кедей деп атын атап, түсін түстеп қолдану әлеуметтік теңсіздіктің көрінісін одан бетер қоюландырып жібереді деп ойлайтын болар. Содан барып «сән-салтанаты бар адам», «тұрмыс жағдайы төмен адам» немесе «әлеуметтік әлсіз топқа жататын адам» деген сөздер қолданылды.

IMG_0678.jpeg

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

«Біз бай адамдар туралы емес, сән-салтанат салығы туралы айтып отырмыз. Оның атауы басқаша болатын шығар. Бұл қымбат тауарларға салынатын салықты білдіреді, халыққа түсінікті болуы үшін сән-салтанат салығы деп жүрміз. Бұл – қымбат көліктерге, авиапаркке, яхталарға, қымбат жүн бұйымдарына, зергерлік бұйымдарға, антиквариатқа салынатын салық».

Министрдің «оның атауы басқаша болатын шығар» дегеніне қарағанда «бай» деген сөздің орнына Салық кодексіне «дәулетті», «ауқатты» деген сияқты сөз енгізілер. Осылайша, «бай» және «кедей» деген сөздеріміз ресми қағаздардың айналымына түсірілмей келеді. Тек «кедейшілік шегі» деген ұғым бар әйтеуір.

Ал Парламент Мәжілісінде Ұлттық статистика бюросының жұмысы сынға ұшырады. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректер елдегі шынайы ахуалдан әлдеқайда алшақ деген мәселе көтерді.

IMG_0679.jpeg

Елнұр Бейсенбаев, Парламент Мәжілісінің депутаты:

«Дәл қазір қазақстандықтардың ең басты проблемасы – азық-түлік бағасының шарықтауы. Қымбатшылық қарапайым халықты алқымдап тұр. Бірақ Ұлттық статистика бюросы 10 жұмыртқа – 490 теңге, айранның литрі – 390 теңге, пияз – 182 теңге, ал қияр мен қызанақ бағасын 1000 теңгенің көлемінде дейді. Статистика бюросының мәліметінше, биыл наурызда азық-түлік бағасы шамамен 21%-ға өсіпті. Шындығында, мәселе одан әрі ушығып тұр».

Депутат шын мәнінде пияздың бағасы 350 теңге, қияр мен қызанақ – 1600 теңге, ал жұмыртқаның бағасы 600 теңге екенін, яғни бағаның 1,5-2 есеге шарықтағанын айтады. «Қазір дүкенге баруға қорқасың, баға күн санап өсіп жатыр. Мысалы, 3 адамнан тұратын отбасы бір апталық тамағына ең кемі 40-50 мың теңгенің арасында ақша жұмсайды. Әлеуметтік жағдайы қиын, көпбалалы отбасылар туралы айтуға қысыласың», – дейді ол.

Депутат жалақыға қатысты да сын келтірді, ресми мәліметтерге күмән келтірді. Ресми мәліметте  – Қазақстандағы орташа жалақы 339 мың теңге болса, халықтың жан басына шаққандағы табысы – 166 мың теңге.

Елнұр Бейсенбаев, Парламент Мәжілісінің депутаты:

«Шынын айту керек, бұл цифрларға қарапайым халық сенбейді. Ең төменгі жалақы 70 мың теңге болатын қоғамда, орташа жалақының одан 5 есеге көп болуы мүмкін емес. Оған қоса, осыдан бір жыл бұрын Мемлекет басшысы халқымыздың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайтындығын көрсеткен болатын, яғни инфляцияның өсуі, экономикалық тәуекелдердің артуы жағдайында аталған кедей халықтың табысы күрт артты дегенге ешкім сенбейді».

Соңғы 3 жыл бойы Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы халықтың небәрі 4,9 пайызы, яғни 450 мың адам ғана жұмыссыз деген мәлімет берген. Шыны керек, мен жұмыссызбын деп халықты жұмыспен қамту орталықтарына барып жұрттың бәрі тіркеле бермейді. Статистика тек тіркелгендерді есепке алса керек. Ал тіркелмей, өз беттерінше өлместің қамымен жүрген жұмыссыздар қаншама.  Жастар арасындағы жұмыссыздар шамамен 80 мың деп көрсетіледі екен. Ал депутаттың айтуынша, не жұмыс істемей, не оқымай жүрген жастар 380 мың. Одан бөлек, тұрақты табысы жоқ, кезіккен жұмысқа жалданып жүрген жастар 300 мыңға барады. Қысқасы, ресми дерек пен шынайы жағдайдың айырмасы жер мен көктей.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды