Алматыдағы ЖЭО газға өтсе, зиянды шығарындылар 12 есе төмендейді

03.05.2023, 20:51
715
Алматыдағы ЖЭО газға өтсе, зиянды шығарындылар 12 есе төмендейді smartnews.kz

Жылу электр орталығын газға ауыстырудың бірінші кезеңінде залалды шығарындылар санын – 35 мың тоннадан 23 мың тоннаға дейін, 2026 жылы толық іске асыру кезінде – 2,7 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік бар. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповпен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Кездесуге «Самұрық-Энерго» АҚ, «Qazaqgaz ҰК» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, «Алатау жарық компаниясы» АҚ басшылары қатысты.
Кездесу барысында тараптар мегаполистің энергокешенін дамыту перспективаларын, оның ішінде ЖЭО-2 газға ауыстыру, жылу магистральдарын, электр желілерін жаңғырту, Алматы агломерациясының тұрғын алаптарын одан әрі газдандыру, қоғамдық көлікке арналған газ құю станцияларын салу, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге іске асыру мәселелерін талқылады.

Қала басшысы Ерболат Досаев қаланы тұрақты жылу және энергиямен қамтамасыз ету, залалды заттар шығарындылары көлемінің айтарлықтай төмендету Алматыны экологияландыру мен декарбонизациялау үшін аса маңызды басымдықтар болып табылатынын атап өтті.

Бүгінде мегаполистегі ауаның ластануының негізгі себептерінің бірі ЖЭО-2 болып табылады, мамандардың бағалауы бойынша залалды шығарындылардың 30%-на дейін оған тиесілі. Қала әкімі ЖЭО-2 газға ауыстыруды белгіленген мерзімде жүргізу қажет екенін тілге тиек етті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бірінші кезеңді 2024 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарлануда. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылығы мерзімінде үлгеруге дайын екендігін айтты.

Жалпы, ЖЭО-2-ні газға ауыстыру бірінші кезеңді іске қосу кезінде залалды шығарындылар санын – 35 мың тоннадан 23 мың тоннаға дейін, 2026 жылы толық іске асыру кезінде – 2,7 мың тоннаға дейін (жалпы 12 еседен астам) төмендетуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында ЖЭО-2 – БҚК қосатын жылу магистралін қайта жаңартуға ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта құбырлар диаметрінің өзгеруіне байланысты жобалау-сметалық құжаттаманы түзету қажет. Оларды жаңғырту жылу трассасының жеке тұрғын үйлерге жақын өтуіне байланысты қиын. Холдинг қалалық билік тарапынан жобаны іске асыруды қолдау туралы мәселені көтерді.
Тараптар сондай-ақ қаланы экологиясының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын газдандыру жөніндегі алдағы жоспарларды талқылады. Алматы бойынша газдандыру 99,2%-ды құрайды, бұл ретте 1074 жеке тұрғын үй және бау-бақша серіктестіктерінің саяжай массивтерінде орналасқан 1677 үй газға қосылмаған күйінде қалып отыр. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ақпараты бойынша, биылғы жылы 355 жеке тұрғын үйді қосу үшін 23,2 км газбен жабдықтау желісін салу жоспарланған. Нәтижесінде Алматының газдандыру деңгейі 99,4%-ға жетеді. Сонымен қатар, Алматы облысының шекаралас төрт ауданының жылыту кезеңінде ластаушы заттардың шығарындыларын азайту және олардың қала экологиясына, әсіресе желдің ұйытқи соғуына байланысты кері әсерін азайту үшін газдандырудың аса қажеттілігі атап өтілді.

Кеңеске қатысушылар желілерді жаңғырту процесін жеделдету үшін инвестициялық бағдарламаны және инвестициялық саясатты кеңейту мәселесін көтерді. Мысал ретінде «Алатау жарық компаниясы» АҚ өкілдері бүгінде қаланың электрмен жабдықтау желілерінің тозуы 93%-ды, трансформаторлық қосалқы станциялардың тозуы 65% -ды, ал тарату қосалқы станцияларының тозуы – 75%-ды құрайтынын айтты.

Кездесу барысында тараптар «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі бірыңғай оператор ретіндегі маңызды рөлін атап өтті.

Жоба аясында Алматыда 22 мектеп (37 мың оқушы орны, 14 мектеп «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қаражаты есебінен, 8 мектеп – жеке инвесторлардың қаражаты есебінен) салу жоспарлануда, бұл Алматының мемлекеттік мектептеріндегі орын тапшылығын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Алматы әкімдігі жер учаскелері бойынша мәселелерді шешті, бюджетте инженерлік желілерге қаражат көзделген, құжаттарды бірлесіп дайындау жүріп жатыр.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ мен Алматы әкімдігінің бірлескен жобаларын іске асыру жөніндегі одан әрі қадам туралы уағдаласты.

«Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады