Ресей Орталық Азияны қолдан шығарғысы келмейді – Ричард Хогланд

05.05.2023, 13:18
567
Ресей Орталық Азияны қолдан шығарғысы келмейді – Ричард Хогланд smartnews.kz

Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттері ұстараның жүзінде тұрғандай күй кешіп келе жатыр.

Геосаясаттағы ахуалы күрделі болғандықтан, аю мен айдаһардың ортасында абайлап жүріп, анық басқымыз келеді. Батыс пен АҚШ-қа қарай мойнымызды созып қарап та қоямыз. Ал сол Аюдың да, Айдаһардың да, Батыс пен АҚШ-тың да біздің аймақтарымызда мүддесі бар. Араларында сол мүддеге талас та бар. Ал мүдде дегені – ықпалын жүргізу, геосаясатта оң жамбасына келтіру. Әрине, экономикалық мүдде де алдыңғы қатарда тұрады.

АҚШ-та орналасқан Кеннан институты, сондай-ақ Халықаралық салық және инвестициялық орталық деген екі ұйым Вашингтонда бірлескен конференция өткізіпті. Жиналған сарапшылардың, ғалымдардың, дипломаттардың және саясаткерлердің әңгімелеріне арқау болып, талқыға түскен мәселе – АҚШ-тың Қазақстан мен Орталық Азияға жаңа стратегиясы. Олар стратегияның жаңа платформасын жасап шығаруға талпыныс танытады. Екі зерттеу орталығының конференциясына қатысушылар Қазақстан мен Орталық Азияның болашағы Ресей мен Қытайға тәуелді болмауы тиіс деген қорытынды жасапты. Олар Ресейдің Украинаға басып кіруі және Қытайдың ықпалы артып жатқаны Қазақстан мен Орталық Азияның экономикасын да, геосаясатына да тікелей әсер етуде деп қарастырды.

Сарапшылар, бір жағынан, аймақта экономикалық жаңа қадамдарға мүмкіндік туындап жатыр дейді. Ал, екінші жағынан, ондағы елдердің саяси жағдайы мен географиялық орналасуы экономикалық мықты елдермен қатынаста бұралаң жолдан адаспауға мәжбүр ететін көрінеді.

Бұрынғы елші, осы күні Каспий саясаты орталығы деген ұйымның «Қауіпсіздік және саясат» атты бағдарламасының төрағасы  Ричард Хогланд: «Бүгін Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан өздерінің егемендіктерінен айырылғысы келмейді. Олар үшін егемендік ең қымбат нәрсе», – дейді.  Хогландтың ойынша, алғашқы болып Қазақстан атаған «көпвекторлы сыртқы саясатты» Орталық Азиядағы әр мемлекет өз тәжірибесінде отыз  жылдан бері әрқалай қолданып келеді. Яғни Ресеймен, Қытаймен, Еуроодақпен және АҚШ-пен қатынас жолында көпвекторлы сыртқы саясаттың қолданысы әр ел үшін әр түрлі.  «Ресей Орталық Азия үшін әрқашан ақырған аю кейпінде болып келеді. Мәскеу Бейжіңнің Орталық Азияға ықпалы артып келе жатқанына төзбеске амалы жоқ, бірақ Батыс пен АҚШ-тың ықпалын шектеуге мейлінше тырысады», – дейді сарапшы Хогланд. Оның пікірінше, Ресей Орталық Азияны қолдан шығарғысы келмейді. Бұл үшін аймақтық интеграцияның екі халықаралық құрылымын жасап алған. Біріншісі – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы. Оның мүшелері бір-бірінің қауіпсіздігін қолдауды және қорғауды міндеттеріне алған. Бірақ ұйымға мүше елдер жылдан-жылға бұл құрылымның құны төмендеп барады деп қарастырды.  Екіншісі – Еуразиялық экономикалық одақ. Мұны Мәскеу өзіне тиімді әрі басқаруы оңтайлы және саяси өлшемге ие құрылым деп қарастырады. «Бірақ Қазақстан президенті Тоқаев ешқандай саяси өлшем жайлы сөз болуы мүмкін емес екенін жұқалап жеткізді», дейді сарапшы Хогланд.

Ал Жаңа америкалық қауіпсіздік деген ұйымның «Үнді-Тынық мұхит» бағдарламасының аға ғылыми қызметкері және директоры Лиза Кертис деген сарапшы жақында ғана Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанда болған екен. Ол Орталық Азияда әлі де Ресейдің ықпалы басым деген оймен оралыпты. Сарапшы Ресейдің Орталық Азияға ықпалы зор екенін айтады. «Ресей Орталық Азиядағы Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанға қару-жарақ сатып, онымен 80 пайыз қамтамасыз етіп отыр. Қырғызстан мен Тәжікстанда әскери база ұстайды», – дейді Лиза Кертис ханым. Ол Қазақстанның саясатына тоқтала келе президент Тоқаев жайлы атты. «Президент Тоқаев алдымен қаңтар оқиғасы кезінде Ресейдің әскерін шақырды, ал соңынан Ресейдің Украинаға агрессиясын қолдаудан ашық түрде қалыс қалды. Санкт-Петербургте Ресей Украинада құрмақ болған квазимемлекеттік құрылымдарды мойындамайтынын мәлімдеді», – дейді сарапшы. Ол Кремльдің Тоқаев мәлімдемесіне шамданғанын, артынша-ақ Каспий құбыры консорциумы арқылы Қазақстан мұнайының тасымалын уақытша тоқтатқанын алға тартты.

«Осыдан бір ай бұрын Путин иығын қиқаң еткізіп, «Қазақстанның барына күмәнім бар» деді. Бірақ Қазақстан бар, шын айтамын», – деп сөзге араласты Ричард Хогланд.

Ричард Хогланд, Каспий саясаты орталығы ұйымының «Қауіпсіздік және саясат» бағдарламасының төрағасы:

«Тарихи себептермен, экономикалық байланыспен, орыс тілінің ендеуімен элитаның орысшаланған мәдениетімен және Ресей бұқаралық ақпарат құралдарының Орталық Азияға жайылған насихатымен Ресей ол жақта алшаң басып тұр деген ой келуі мүмкін. Бірақ олай емес. 2014 жылы Ресей Украинаның Қырымын аннексиялауы Орталық Азия елдерінің үкіметтері үшін дабыл белгісі болды. Олардың ұстанымы Ресей Украинға толық ауқымда басып кіргеннен бұрын-ақ өзгере бастағанын біз көрдік».

Джонс Хопкинс университеті Мақсатты халықаралық зерттеулер мектебінің Марша Макгроу Олив деген философия докторы Орталық Азия мемлекеттері, соның ішінде әсіресе Қазақстан Ресеймен шырмауықтай біте қайнасып кеткенін, ажыраулары оңай болмайтынын алға тартады. Оның пікірінше,  Орталық Азия мемлекеттері металл, ауыл шаруашылығы, химиялық өнеркәсіп және машина жасау салаларында Ресейдің импорты мен экспортына тәуелді.

Конференцияға жиналғандардың  басым бөлігі Ресей Украинаға қарсы соғыс ашқалы бері Орталық Азияда Қытайдың ықпалы артып жатыр деген тұжырым жасады. Тағы бір философия докторы, Камран Бохари деген сарапшы Қытай әлсірей бастаған елдерді төңіректейтінін айтады. Себебі ондай халдегі елдердің ресурстарын өз мүддесіне пайдалану оңайға түседі. Ал Ресейдің Украинамен соғысы Орталық Азия елдерінің тыныштығын шайқап қана қоймай, алда не күтіп тұр деген жұмбаққа тіреп қойған жағдайы да бар.

Ариэль Коэн деген тағы бір философия докторы Қытай өз ойындағысын іске асыратынын айтады. Демек, Қытай үшін Ресейдің соғыста жеңгені де, жеңілгені де пайдалы. Егер жеңсе, АҚШ пен Батыстың жер болғаны. Қытайға керегі де осы, себебі Қытайдың АҚШ пен Батыспен қырғи-қабақтығы да, бәсекелестігі де бар. Ал Ресей жеңілсе оның ресурстары мен табиғи байлығы өзінен-өзі Қытайдың алақанына түседі.

Конференцияда тағы басқа көптеген сарапшылар мен ғалымдар мінбеге шығып сөйледі. Бәрі де Орта Азия мен Қазақстанға қатысты пікірлерімен бөлісті.  Жиынға қатысқан Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев Орта Азияның өз алдына үлкен құрылым ретінде осындай конференцияда талқыға түсуіне қолдау білдірді. Орта Азия елдерімен ол жақтың жағдайын ескеріп қарым-қатынас қалыптастырудың маңызды екенін айтты. Елші Қазақстанның саяси өміріндегі өзгерістер жайлы әңгімеледі.

Баян Мақсатқызы кішкентай екі қызымен Дубайға демалысқа аттанды (ФОТО, ВИДЕО) «Шөмішбай Сариев үйімізге жиі келетін»: Жұлдыз Әбдікәрімова еске алу кешіне арнайы шақыртумен келген (ВИДЕО) «Қуырдақты былқылдатып, әңгімеміз жарасатын қыздарыма ысқырдым»: Қарақат Әбілдина өнердегі құрбыларын қонақ қылды (ФОТО) «Шақыртуды үйімнің төріне қоямын»: Заттыбек Көпболсынұлы «Ақмаржан» хитінің авторына құрмет көрсетті (ВИДЕО) «Қой сойып, шығарып салдым»: актер Шәріп Серік тағдыры ауыр кейіпкерді сомдаған соң психологиялық ауытқу сезіне бастаған (ВИДЕО) «Қажылыққа апаруды армандап едім»: танымал блогер Дамеля ата-анасымен кіші қажылыққа барды (ФОТО) «Енелер келінін суреті арқылы дуалайды»: алматылық емші сұмдық тапсырыстары туралы айтты «Жартылай жалаңаш»: Жұлдыз Әбдікәрімованың сән апталығындағы образы сынға қалды (ВИДЕО) «Бір жыл, екі ай төледім»: танымал блогер үйлену тойын несиеге жасаймын деп күйзеліске түсті (ВИДЕО) Джиу-джитсудан Әлем чемпионы Ұлттық ұланның «Жас бүркіт» клубына қосылды ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша алғашқы сәби дүниеге келді Блогер Дархан Жолшыбеков 300 миллион теңгеге алған зәулім үйін оқырманына тегін сыйға бермек (ВИДЕО) Асырап алған қызын 10 жасынан бері зорлап келген орманшы өзін атып өлтірді «Мен кіммін сонша?!»: Димаш Құдайберген жанкүйеріне құрметі үшін автограф беруден бас тартты Париж олимпиадасында жүлдесіз қалған балуан Әлімхан Сыздықов әлем чемпионы атанды «Жұмада жамбасы жерге тиді…»: Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден өтті «Қызы емес, әйелі сияқты қарағанын байқадым»: оқушысын өгей әкесі зорлап жүргенін сынып жетекші қалай біліп қойған? Бүгін Мұстафа Өзтүрік тірі болса, 70 жасқа толар еді… Демалыс күндері ауа райы қандай болады? «Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды