Кейінгі 5 жылда интернет-алаяқтықпен байланысты қылмыстар саны 40 есе өсті

15.05.2023, 10:17
599
Кейінгі 5 жылда интернет-алаяқтықпен байланысты қылмыстар саны 40 есе өсті smartnews.kz

Соңғы 5 жылда интернет-алаяқтық қылмыстарының саны 40 есе өсті. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Инновациялық технологиялар мен цифрлық сервистердің қарқынды дамуы, сондай-ақ азаматтардың қаржылық сауаттылығының жеткіліксіздігі жағдайында интернет-алаяқтық кеңінен таралуда. Кейінгі 5 жыл ішінде олардың саны 40 есе өсті. Атап айтқанда 2018 жылы 517-ден 2022 жылы 20,5 мыңға дейін. Мұндай қылмыстар экономикаға ғана емес, елдің ұлттық қауіпсіздігіне де орасан зор зиян келтіреді», - деп жазылған ашық талқылауға шығарылған құжатта.

Мәлім болғандай, соңғы 5 жылда интернет-алаяқтар азаматтарға 22 млрд теңгеден аса залал келтірген.

«5 жылда интернет-алаяқтық нәтижесінде келтірілген залал сомасы 22 млрд теңгеден асады. Әйелдер әсіресе осал топ болып табылады және қылмыстың осы түрінен зардап шеккендердің жартысынан көбін құрайды. Оларға қатысты ауыр қылмыстардың 4 есе өсуі интернеттегі алаяқтыққа байланысты. Ұрланған ақша халықаралық аударым сервистері арқылы алынады немесе криптовалютаға аударылады. Фишингтік интернет-ресурстар, сондай-ақ қоңырау шалушының нөмірін өзгертуге, қоңырау шалушының дауысын бұрмалауға мүмкіндік беретін хакерлік бағдарламалар танымал», - делінген министрлік ұсынған ақпаратта.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол