Қазақстанда такси жүргізушісіне қойылатын талаптар өзгереді

01.06.2023, 11:12
769
Қазақстанда такси жүргізушісіне қойылатын талаптар өзгереді smartnews.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы мен Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бұйрықтың жаңартылған нұсқасында «таксимен тасымалдаушы» бөлігі толыққан. Атап айтқанда, енді ол жеке тұлға, жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау қызметін көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға болуы мүмкін.

Айта кетейік, қолданыстағы бұйырықта «таксимен тасымалдаушылар» қатарына жеке тұлғалар енбейтін.

Сонымен бірге, мұндай санаттағы такси жүргізушілері қызметін бастамас бұрын жергілікті атқарушы органға хабарлама жолдауға міндеттеледі.

«Қызметті көрсетуді бастағанға дейін интернет-платформаларды және платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органына такси тасымалдаушысы ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама береді», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық жобасында.

Егер құжаттар талапқа сәйкес келген жағдайда ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, онымен еңбек шарты жасалып, кейін жүргізушіге жеңіл таксиді басқаруға рұқсат беріледі. Алайда, такси қызметін көрсетуге ниетті жүргізушінің жеке көлігі болмаса, онда оған кәсіпкер немесе заңды тұлға жеңіл темір тұлпар ұсынады.

«Жеке тұлғаға дара кәсіпкер немесе заңды тұлға автокөлік құралын жалдау шарты бойынша жеңіл автомобиль ұсынады. Жеке тұлғаның талаптарды сақтауын бақылау жеңіл автомобильдің иесі болып табылатын дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға жүктеледі», - делінген жаңа редакцияда.

Бұйрықты ашық талқылау 9 маусымға дейін жалғасады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды