195

Қайрат Нұртастың ортаншы қызы батыл мәлімдеме жасады

17 жастағы Алау Нұртас әлеуметтік желідегі сынға қатысты жазба жариялады.

Қайрат Нұртастың ортаншы қызы батыл мәлімдеме жасады
instagram.com/kaalau__

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, блогер әрі актриса болуға қадам басып жүрген Алау Нұртас әлеуметтік желідегі сын-пікірлерге қатысты өз ұстанымын білдірді. 17 жастағы қыздың жазбасын оқырмандары қолдап, анасы Жұлдыз Әбдікәрімова да пікір қалдырды.

Алау Нұртас Instagram парақшасында қара-ақ түсті бірнеше фотосын жариялап, оған сырт көздің пікірі оның өзіне деген сенімін өзгерте алмайтынын білдіретін қысқа жазба қалдырған.

Жас блогердің жарияланымына алғашқылардың бірі болып анасы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қолдау білдірді. Ол қызына жылы лебізін жазып, оның жазбасына оң пікір қалдырған.

Алаудың оқырмандары да жарияланым астына көптеген қолдау пікірін жазды. Олар жас блогердің сыртқы келбетіне комплимент айтып, өз ұстанымын ашық білдіргенін құптаған.

Кейбір желі қолданушылары Алаудың анасына қатты ұқсайтынын атап өтсе, енді бірі оның шығармашылық отбасынан шыққанын айтып, өнер жолында өз орнын табуына тілек білдірген.

Алау Нұртас бұған дейін де әлеуметтік желідегі белсенділігімен назар аударып келеді. Биыл ол мектеп бітіргені туралы жаңалығымен бөліскен еді.

Ал Қайрат Нұртастың мерейтойлық концерті де биыл қазақстандықтардың назарында болды. Алматыдағы ауқымды шоуға шамамен 40 мың көрермен жиналған. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор