Ауыл ХДП партиясы ауыл мен қала мектептері арасындағы теңсіздікті жоюдың 13 қадамын ұсынды

16.06.2023, 18:59
784
Ауыл ХДП партиясы ауыл мен қала мектептері арасындағы теңсіздікті жоюдың 13 қадамын ұсынды Ауыл партиясы

Ауыл партиясының ұйымдастыруымен өткен «Ауыл мектептерінің оқушыларына қосымша онлайн білім беру және дайындық курстарының қолжетімділігі мәселесіндегі проблемалар» дөңгелек үстеліндегі талқы жөнінде smartnews.kz сайты хабарлайды.

Бүгін Астана қаласында Ауыл ХДП партиясының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, орта білім беру, ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері бойынша жауапты министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық ұйымдардың, білім беру ұйымдарының (Назарбаев Университеті, НЗМ, БИЛ және т.б.), сондай-ақ оқушыларды қосымша онлайн оқыту бойынша білім беру орталықтарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелде ауыл және қала мектептеріндегі алшақтық, жалпы статистика бойынша ауыл мектептерінің білім беру сапа жағынан көрсеткіші қала мектептерінен әлдеқайда төмен екендігі белгілі болды. Мұндай теңсіздіктің болуына қатысушылар біршама себептерді көрсетті. Мәселен, білім беруші мамандардың аздығы, жаңа технологиялардың елді-мекендердегі жетіспеушілігі және тағы басқа да себептері белгілі болды.

Ауыл ХДП партиясы осы мәселені тез арада шешу үшін дөңгелек үстелдің нәтижесінде ҚР Үкіметіне 13 нақты қадамды ұсынды. Олар:

1. Ауыл мектептерінің білім сапасын көтеріп, ондағы дарынды балалардың бастауыш сыныптардан кейін мамандандырылған оқу ұйымдарында білім алуына мүмкіндік туғызу үшін оларға тегін немесе бюджет тарапынан субсидияландырылған қосымша онлайн курстар ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру.

2. Ауыл мектептері түлектерінің Назарбаев Университетіне немесе «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында шетелдік жоғары оқу орындарына қабылдауға дайындау үшін жекелеген пәндер бойынша тегін онлайн курстар ашу.

3. Ауыл мектеп оқушылары үшін пәндік олимпиадаларға онлайн - дайындық курстарын ұйымдастыру.

4. Ауыл оқушыларын мамандандырылған білім беру ұйымдарына түсуге дайындау үшін қосымша онлайн курстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтар әзірлеу.

5. Онлайн курстардың жақсы нәтиже беруі үшін аталмыш қызмет түрін еркін нарықтағы бәсекелестік ортаға беріп, мемлекет және жекеменшік әріптестігі жүйесі аясында жүзеге асырған дұрыс деп білеміз.

6. Ауыл мектептерінің оқушыларына тегін қосымша онлайн білім беруді және дайындық курстарын ұйымдастыру бойынша жобаны қаржыландыру тетіктерін әзірлеу.

7. Еліміздің бір өңірінде ауыл мектептерінің оқушыларына қосымша онлайн білім беруді және дайындық курстарын ұйымдастыру бойынша пилоттық жобаны іске қосу мүмкіндігін қарастыру.

8. Ауыл оқушыларының Назарбаев Зияткерлік Мектептеріне түсуі үшін ауыл квотасын ұлғайтып, қосымша тетіктерді қарастыру.

9. Ауылдық елді мекендерді сапалы Интернет-байланыспен, ауылдық мектептерді Интернет - трафиктің жеткілікті көлемімен және тарифтік жоспармен қамтамасыз ету.

10. Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған қосымша онлайн білім беру және дайындық курстары қызметтерінің әлеуетті жеткізушілеріне қойылатын егжей-тегжейлі талаптары бар техникалық сипаттаманы әзірлеу; (онлайн платформаға қойылатын талаптар, материалдық және еңбек ресурстары, жұмыс тәжірибесі, сертификаттардың болуы).

11. Үкіметаралық келісім – шарттар негізінде бөлінетін білім беру гранттары бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына түсу үшін ауылдық квота енгізу.

12. Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына ауылдық жерлердегі дарынды балалардың  мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдануы үшін қосымша онлайн курстардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша толықтырулар енгізу.

13. Оқушыларды даярлау бойынша жеке білім беру орталықтарымен және қосымша онлайн білім беру бойынша қызмет көрсетушілермен келісім - шарттық қатынастар орнату кезінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шараларының шеңберінде қосымша білім беру қызметтерін ұсыну бойынша міндеттемелер көзделуі тиіс.

Осы ұсынымдарды ескере отыра аталған мәселені шешуге болатынын талқылауға қатысушылар тілге тиек ете өтті.

 

Дана Асылбекова

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды