Қырғызстан өз әскерін мықты етуге тырысып жатқаны байқалады

18.06.2023, 12:13
394
Қырғызстан өз әскерін мықты етуге тырысып жатқаны байқалады smartnews.kz

Елдің әскери доктринасына «сыртқы агрессия» деген сөз тіркесі енгізілмек.

Бүгінде әскери дайындық, қорғаныс, Қарулы Күштердің лайықты базасы деген зәру нәрселер күн тәртібіндегі нөмірі бірінші мәселе болса керек. Шыны керек, өмірлік маңызды нәрсе не дегенде су мен наннан немесе деннің саулығынан бұрын елдің қорғанысы мен тыныштығын айтатын жағдай туып тұр. Халық даналығы мұны сақтықта қорлық жоқ деп қысқаша түйіндеп қойған. Соғыстың беті аулақ, бірақ әскердің әлеуеті жағынан көштің соңында ілесіп қалуға да болмайды.

Соңғы күндері көршіміз Қырғызстан бүкіл Қарулы Күштер жүйесін қайта қарап жатыр. Жаңа қарулар мен техникалар алыпты. Елдің әскери доктринасы да қайта сүзгіден өткізілуде, доктринаға «сыртқы агрессия» деген сөз тіркесі енгізілмек. 13-маусымда өткізілген Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Сыртқы істер министрлігі тарапынан осындай ұсыныс енгізілді. Қырғызстан Ауғанстанмен шекаралас, әрі көршісі Тәжікстанмен шекара маңы да тынышталмай келеді. Мүмкін осындай себептер доктринаға «сыртқы агрессия» түсінігін енгізуге түрткі болған да шығар. Қалай болғанда да «сыртқы агрессия» түсінігі құжатқа еніп, мемлекет үшін өмірлік маңызды нәрсе ретінде қарастырылуының артықтығы болмас. Құжатта мұндай түсініктің болуының пайдасы болуы мүмкін, ал зияны жоқ. Мемлекеттің стратегиялық ой-санасына сыртқы агрессияға қарсы иммунитет орныға бергені де дұрыс емес пе? Орталық Азиядағы өзге елдер де осы жағын ойланып көрсе артықтық етпес.

Қырғызстанның Қауіпсіздік кеңесінде Сыртқы істер министрі:

«2021 және 2022 жылдары не болғаны естеріңізде ме? Сол себепті басқыншылыққа тойтарыс беретін әрекеттер осы доктринаға енгізілуі керек», – деді.

2021 жылы сәуірде және 2022 жылы қыркүйекте Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында болған қақтығыстың соңы қантөгіске ұласқан еді. Тараптар бір-бірін «шабуылдады және ауыр техника қолданды» деп айыптаған. Ал жақында екі елдің президенттері осы текетірес жағдайын реттеуге бет бұра бастаған сыңай танытты. Президенттер Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмон 2-маусымда Шолпан Ата қаласында өткен Орталық Азия және Еуроодақ басшыларының саммиті кезінде келіссөз жүргізген. Екі ел басшысы шекара мәселесі бойынша екі жаққа бірдей ұтымды болатын шешімді іздеуге келіскен. Мәселелерді саяси-дипломатиялық жолмен шешу қажеттігін айтқан.

Қауіпсіздік кеңесі отырысы кезінде Қырғызстан басшысы әскери доктринаға «сыртқы агрессия» ұғымын енгізуге келісті. Жапаров сыртқы агрессияға тойтарыс беруге дайын болу керектігін, кез келген қақтығысқа жол беруге болмайтынын, ал туындаған жанжалды  дипломатиялық жолмен шешуге болатынын алға тартты.

«Біз ішкі және сыртқы саясатта осындай принципті ұстанамыз. Дегенмен бізге қарулы басқыншылық жасалып, азаматтарымыз опат болса және үйлеріміз бен инфрақұрылымдарымыз өртеніп жатса, қол қусырып қарап отыра алмаймыз. Біз кез келген басқыншыға жауап беруге әзірміз», – деді Жапаров.

Осылайша, Қырғызстанда мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мен қорғаныс салаларына көзқарас қайта қаралып жатыр. Садыр Жапаров Қырғызстан алғаш рет 30 жылда өз шекарасы мен азаматтарын қорғауға қажет соңғы үлгідегі қару сатып алды деп мәлімдеді.

Садыр Жапаров, Қырғызстан президенті:

«Байрақтар» дрондарын ғана емес, өзге де қару түрлерін сатып алдық. Әріптестеріміз бен одақтастарымыздан Орталық Азияда теңдесі жоқ жаңа қару түрлерін сатып алдық. Бюджет қаржысы есебінен қорғаныс министрлігінің бес тікұшағына толық жөндеу жүгізілді. Жаңа Ми-17 Б5 тікұшағы сатып алынды және Ми-17 тікұшақтарын алу жоспарда бар. Елдің қорғаныс қабілетін арттыру мақсатында жаңартылған «Печора» мобильді зенит зымыраны кешені сатып алынды. Ол әуе шабуылынан қорғауға көмектеседі».

Қырғызстанның өз әскери әлеуетін арттыруы өзі үшін керек. Өйткені Қырғызстан әскері рейтингтің соңында жүреді. Әскер саны да, бюджеті де төмен, техникасы да аз. Осы олқылықтың орнын толтырайық, әскеріміздің қуатын арттырайық деген болар. Жөн-ақ. 
Global FirePower 2023 жылға арналған әлем елдерінің әскери күші бойынша рейтингін жариялады. Тізімде 145 мемлекет бар. Әскери күштің индексі 60 түрлі фактор бойынша есептелген: Қарулы Күштердің саны, қорғаныс шығындары, әскери техниканың көлемі, ресурстарға қол жетімділік және басқалары. Орталық Азия елдері арасында Өзбекстан тізімнің алдыңғы қатарынан көрініс тапқан – 62-ші орында. Екінші Қазақстан – 63 орында, Түрікменстан — 82 орын, Қырғызстан-107 орында, Тәжікстан — 120 орында тұр.

Ресей әскерінің Украинаға ашық соғыс ашуы көптеген елдерді қорғаныс саласына қайта қарауға мәжбүр етті. Елдердің бәрі Қарулы Күштерінің бюджетін арттыра бастады. Қазақстан да әскер бюджетін едәуір арттырды.

Әскери бюджетті ұлғайту маңызды екені анық. Қару-жарақты ерте бастан қамдаған ұтады. Қазақстанға  заманауи қару-жарақ керек. Біздің еліміздің бірқатар жақсы мүмкіндіктері бар. Қазақстан қару-жарақты керегінше сатып алуға қауқарлы ел. Әлем елдерімен қорғаныс саласында келісім жасай аламыз, қазақ сарбаздарын өзге елдерге оқыту және тәжірибе алмасуға жіберу мүмкіндігіміз бар.   

Әрине, Орталық Азия мемлекеттерінің арасында көршілік жылы қатынас, әскери ынтымақ мызғымағаны жақсы. Бір сапта тұрғандай болып, қарым-қатынасы жақсара берсе, ол да сыртқа сес болып әсер етеді.

Қазіргі алмағайып заманда  Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Тәжікстан мемлекеттері бір-бірін қолтықтан демеп қатарласып тұрса сырт күштер байқап сөйлесетін болар. Осы бес елдің әскері бір-бірінен бөлек болғанымен тұтастай күйінде орасан үлкен күш бола алатыны рас.

Алматы облысының тұрғындары облыстық тасжолды жауып тастады Дана Орманбаева Баян Алагөзова туралы: "Сен бұл әлемге тым көп жамандық жасадың" Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайды қабылдады "Батыстың жігітімен сөйлеспеймін дедім": Балжан Бидаш жеке өмірі жайлы жан сырын ақтарды Көкшетауда қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды Президент мәдениет саласының бір топ қызметкерін марапаттады Ғани Бейсембаев директордың жеке дәретханасы туралы дауға пікір білдірді Еліміздегі ең басты үш музейге ұлттық мәртебе беріледі - Қасым-Жомарт Тоқаев "Шынын айтайын": Әнші Бауыржан Исаев сахнадан көрінбей кетуіне кімдер кінәлі екенін айтты «Айка тізімі»: Кінәлілерге үкім шықты Назарбаев Университетінің академиялық дербестігіне араласпаймыз - Саясат Нұрбек Мемлекет басшысы Қазақстандағы Иран елшілігіне барды Су тасыған кезде гастрольді Димаштан бұрын біз бастадық - Роза Әлқожа Мешіт соққанша, мектеп соқ деп айтсаңыз, Алла алдында жауап бересіз - Қабылбек Әліпбайұлы "Мыналар тістері": алматылық келіншек күйеубаласының қалай ұрып-соққанын айтты Қызылорда облысында құрдасын өлтірді деген күдікпен 2 жасөспірім ұсталды Cемейде ер адам сүйіктісін көлікпен таптап өлтірді «Бір ауыз «қош демей» кеттің»: Меруерт Түсіпбаева 18 жыл бұрынғы қайғылы оқиғаны есіне алды «Балалардан ұят болды-ау»: Өмірқұл Айниязов қуанышты жаңалығын бөлісті "Ақылды адамдар тойға бармайды": Омар Жәлелдің пайымы көпшілікті тағы шулатып жатыр