Екі қолы жоқ ақтөбелік құс шаруашылығын дамытып отыр

24.06.2023, 09:32
743
Екі қолы жоқ ақтөбелік құс шаруашылығын дамытып отыр inform.kz

Ақтөбе облысы Шалқар қаласында тұратын Тайбек Өтегенов екі қолынан айырылса да, ісін енді бастаған ауылдастарына балапан сатып отыр. «Ауыл аманаты» жобасы қолға алынғанда тапсырыс артып, биыл 30 млн теңге табыс тапты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

І топтағы мүгедектігі бар Тайбек Өтегенов соңғы жылдары еңбекқорлығымен көпті таңғалдырып жүр. 40-тан асқан азамат әскерден оралған соң жоғары вольтты электр тогына түсіп, екі қолынан айырылған. Алғашында төрт қабырғаға қамалып, қамықты, қайғырды. Бұл қиындық 10 жылға созылды. Кейін бір-ақ сәтте бастан кешкен оқиға оның жігерін жанып, өмірге қайта құлшыныс сыйлады. Сөйтіп, он екі мүшесі сау адамдармен тең отырып, ісін бастады. Оның қазіргі тірлігі көпке үлгі. Ақыл-кеңес сұрап келетіндер көп.

«2018 жылы 500 мың теңге қайтарымсыз грант алдым. Бизнесті дамыту бағдарламасына қатысып, тағы да қайтарымсыз 2 млн теңге қаржы иелендім. Содан бері құс шаруашылығымен айналысып келемін. Алдымен 40-50 балапан шығаратын аппарат сатып алдым. Ал қазір 21 күнде мың дана балапан шығаруға мүмкіндік беретін аппарат бар. Негізі біз осы күнге дайындықты биыл қаңтарда бастадық. Өңірде «Ауыл аманаты» жобасы басталғанын білеміз. Ал ондағы ең тиімді бағыт – құс шаруашылығы. Сондықтан айлар бойы балапан жинап, көктем-жазда саттық. Табысымыз 30 млн теңгеден асты», - деді Тайбек Өтегенов.

photo

Оның айтуынша, инкурабор аппараты қазір өте табысты бизнеске айналған. Егер мың дана балапан болса, оның тең жартысын сатады. Қалғанын өсіріп, тауық сұрағандарға саудалайды. Сонымен бірге балапан бағуға арналған жәшік те жасап шығара алады.

«Елге адал қызмет ету – арманым. Жалпы жұмыс істеймін деген адам екі қолы болмаса да, іске кіріседі. Қазір өзім шолақ қолыммен кесе ұстап, шай ішемін, көлік те жүргіземін. Құдықтан шелекпен бір тонна су тарта берем. Қазір сайрап тұрмын-ау. Бұл ептілігім үшін біраз тер төктім. Қолымның кесілгеніне 20 жыл болды. Мен 20 жасымда қос қолымнан айырылдым. Ауылда жүрген кезде өрістен қой келді. Ағам ауырып жатып, жағдайы болмады. Жанымнан өтіп бара жатқан жігіттен малға су құйып жіберуін өтіндім. Бірақ ол «мен үшін мал жинайсың ба?» деп қайырылмай кетті. Осы жігіттің сөзі жаныма батты. Қолымнан іс келетінін дәлелдемек болып, сол жерде шелекті құдыққа салдым. Бір кесе ұстау үшін бір жыл, су құю үшін 2 жылын сарп еткен адаммын», - деді Тайбек Өтегенов.

photo

Оның жанында отбасы бар. Ауылдағы шаруашылықта аға-жеңгесі отырса, өзі қалада балапан шығарады. Инкубатор аппаратынан шыққан балапанды ауылға жіберіп, қажеттісін қалаға алдырып, қайта сатады. Үйленген. Екі баланың әкесі.

«Кезінде 12 мүшесі сау адамдарды басып озсам деп едім, оздым. Адам еңбек етуі керек», - деді ол.

photo
Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды