Қазақстандықтар биылғы төрт айда шетелге 259,3 млрд теңге аударған

27.06.2023, 18:25
787
Қазақстандықтар биылғы төрт айда шетелге 259,3 млрд теңге аударған smartnews.kz

Биыл қаңтар-сәуір айларында халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы шетелге жіберілген және шетелден алынған қаражаттың жалпы сомасы 368,8 млрд теңгені құрады. Smartnews.kz сайты бұл туралы ranking.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

368,8 млрд теңгенің 259,3 млрд теңгесі шетелге жіберілген ақша, бұл бір жыл бұрынғыдан 11,5% төмен. Бұл ретте транзакциялар саны 11,8% артып, 749,1 мыңға жетті.

Шетелден келген қаржы көлемі 109,6 млрд теңге болды, бұл өткен жылғымен шамалас. Транзакциялар саны небәрі 0,5%, 397,6 мыңға дейін артты. Нәтижесінде ақша аудару жүйелері арқылы шетелден алынған бір аударымның орташа түбіртегі 0,5%, 275,6 мың теңгеге дейін азайды.

Биыл қаңтар-сәуірде Қазақстаннан жөнелтілген ақша көлемі бойынша Түркия көш бастап тұр: 70,7 млрд теңге, бұл өткен жылдың қаңтар–сәуір айларымен салыстырғанда 9,4% төмен. Одан кейінгі орында Ресей, онда жіберілген қаржы бір жылда бір жарым еседен астамға артып, 69,2 млрд теңгені құрады. Үшінші орында – Өзбекстан: 51,7 млрд теңге, аударымдар 17,7% азайған. Сонымен қатар Грузияға 27,6 млрд теңге аударылды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 20,2% көп. Қырғызстанға аударылған ақша көлемі 5,2 есе, яғни 43,1 млрд теңгеден 8,2 млрд теңгеге дейін азайды.

Шетелден түскен қаражат бойынша жөнелтуші елдер арасында Ресей көш бастап тұр, оның үлесіне ҚР-ға жіберілген қаражаттың жалпы көлемінің 40,4%келеді: 44,2 млрд теңге, 2022 жылғы қаңтар–сәуірдегіден 65,6% көп. Өзбекстан, Оңтүстік Корея және АҚШ-тан Қазақстанға тиісінше 11,9 млрд теңге, 10,9 млрд теңге және 10,8 млрд теңге аударылған. Ақша аударымы азайды: Өзбекстаннан — 12,9%, Оңтүстік Кореядан — 22,6%, АҚШ-тан — 34,6%.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды